Ситуациялық есептер
1. Бала 2 жаста, жедел ауырды, температура 39ºC, сирек тыныс алады, тұншығу, жіптәрізді пульс, брадикардия, тырысу. Болжам диагноз:
ЖРВИ, обструктивті бронхит
ЖРВИ, ларинготрахеит, көмей стенозы ІІІ дәрежеде
ЖРВИ, ларинготрахеит, көмей стенозы ІІ дәрежеде
ЖРВИ, ларинготрахеит, көмей стенозы ІҮ дәрежеде*
Жоғарғы тыныс жолдарындағы бөгде зат
2. Бір жасар бала кенеттен ауырып қалды, температурасы 38,9°С, қозғыштық, жиі үрген тәрізді жөтел, инспираторлы ентігу, тахипноэ 60 мин., тынысы шулы көмекші бұлшықеттердің қатысуымен. Болжам диагнозыңыз:
ЖРВИ, обструктивті бронхит
ЖРВИ, ларинготрахеит, кеңірдек стенозының II дәрежесі*
ЖРВИ, бронхопневмония
ЖРВИ, ларинготрахеит, кеңірдек стенозының I дәрежесі
жоғарғы тыныс жолдарында бөгде зат
3. ЖРВИ ауырған 5 жасар баланың жағдайы күрт нашарлап кетті, жоғары қызба (39°С. фонында тырысулар пайда болды
Оған тырысуға қарсы дәрі енгізу керек:
хлоралгидрат
кальций глюконаты
седуксен
магний сульфаты
люминал
4. Науқас К., 15 жаста. Аз шырышты қақырықты жөтелге, ентігуге, діріл кеуде клеткасында ауыру сезіміне шағымданады. Суық тиіп, жіті ауырған. Температурасы 38,7 С. ТЖ – 22 минутына. Өкпе аускультациясы: оң өкпенің төменгі бөлігінде ылғалды орташа және майдакөпіршікті сырылдар. Болжам диагнозыңыз:
оң жақтық төменгі бөлікті пневмония
жіті бронхит
жіті плеврит
өкпе туберкулезі
бронх демікпесі
5. Бала 2 жаста. ЖРВИ ауырған. 5-күні кешке жағдайы нашарлай бастаған: «үрген» тәрізді жөтел, дем алудың қиындауымен ентігу, дауысының қарлығуы пайда болған. Объективті: бала мазасыз, тыныс алу актысына мойын және кеуде бұлшықеттері белсенді қатысады. Аздаған физикалық жүктеме кезінде дем алу сатысында бұғана үсті, бұғана асты кеңістіктерінің, мойындырық шұңқырының, қабырға аралықтарының, эпигастральды аймақтың тартылуы байқалады. Тері жамылғысы бозғылт. Шулы тыныс алыстан естіледі. Өкпе аускультациясында везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ 90 рет, АҚҚ 100/70 мм.сын.бағ. Аталған препараттың қайсысын енгізген жөн?
седуксен
димедрол
преднизолон
сальбутамол
парацетамол
№3 Блок. Пульмонологиядағы шұғыл жағдайлар
№4 сабақ.
Достарыңызбен бөлісу: |