Жедел реактивті жағдайлар (аффективті-шокты реакциялар)



бет2/3
Дата17.11.2023
өлшемі20,03 Kb.
#191746
1   2   3
Байланысты:
реактивти психоз

Реактивті депрессия. Бұл кезде науқастың көңіл-күйі жабырқаулы. Ауыр жағдайды туғызған себеп жөнінде үнемі ойда жүреді. Егер бұл жақын адамының өлімі болса, оның ойлары тек сол жөнінде болады. Жиі өзін-өзі кінәләу идеялары пайда болады. Науқас өзін оған дұрыс көңіл бөлмедім, әділетті болмадым, өлім аузынан алып қалу үшін қолдан келгенді жасамадым деп жазғырады. Ұйқысы бұзылып, еңбекке қабілеті төмендейді. Соматовегетативті бұзылыстар байқалады, тәбеті қашып, дене салмағы азаяды, іш қатуы болады. Артериялық қан қысымы көтеріледі.

Мысал:
Науқас Б., 60жаста. Психикалық аурумен тұқым қуалау ауырлығы жоқ. Білімі төрт класс, мамандығы слесарь. Үйленген, әйелі қайтыс болған. Ер жеткен екі баласы бар, олармен қатынасы нашар. Балаларының өз жанұясы бар. Науқас бір мезгіл бір баласының, бір мезгіл екінші баласының қолында тұрады. Өзінің айтуы бойынша балаларының әйелдері онымен нашар қатынаста. Бір баласының жанұясымен біраз тұрған соң, оған басқа балаңның қолына бар деп айтады. Науқас осы ситуциялардан шығар жол таппады. Суицидальді ойлар пайда болып, суицидальді әрекет жасаған, осыған байланысты Скилифасовский атындағы институтта ем қабылдаған. Онда көңіл-күйі төмен болған, суицидальді ойлары тұрақтылық танытып, СС.Корсаков атындағы психиатриялық клиникаға ауыстырылды.

Клиникаға түскен кезде санасы анық, орын мен уақытты дұрыс бағдарлайды. Дәрігерлермен әңмелескенде жәй дауыспен көзіне жас алып әңгімелейді, пайда болған жанұялық ситуацияларды уайымдайды, бұл жағдайдан шығар жол таппайды, көңіл-күйі төмен, бірақ суицильді ойлары жоқ, көмек іздейді. Бөлімшеде болған алғашқы 3 күнде «қауіп төндіретін, өзін өлтіргісі келетін адамдардың дауыстарын, «үйден шық деп бұйырған ұлының дауысын естіген». Бұл көріністердің дертті сипатын түсінеді.


Реактивті психоздардың этиологиясы
Реактивті күйдің дамуына әкелетін бірқатар факторларды ескерген жөн. Біріншіден оған қажу, мәжбүрлі сергектік, алкоголизация, соматикалық аурулар және т.б. жатады. Бұл шартты-патологиялық факторлардан басқа реактивті психоздың пайда болуына жүктілік, жасқа байланысты криздер (пубертатты,инволюциялық) тәрізді физиологиялық жағдайлар әкеледі. Жоғарғы жүйке және психикалық қызмет бұзылысына әкелетін факторлар шамадан тыс аффект (қорқыныш, қайғы және т.б.), осындай жағдайларға бейімдейтін тұлғалық ерекшеліктер - эмоциялық тұрақсыздық болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет