Эстафета — қатысушылар бірінен соң бірі кезеңдерден өтіп, бір-біріне қашықтықта қозғалу кезегін беретін спорттық топтық тәртіп жиынтығы. Жеңіл атлетикада кезеңнен кезеңге өту эстафеталық таяқша немесе таспаны (экиден) бір-біріне берілуі арқылы, ал шаңғы спорт түрлерінде атлеттің қолының тиюімен жүзеге асады. Жүзуде бортқа қол тигізу арқылы келесі кезеңге өту мүмкіндігі беріледі. Эстафеталық топтың мақсаты - межеге бірінші болып жету. Эстафеталық жүгіру
Эстафеталық жүгіру – бірнеше адамнан құралған команданың жүгіруі. Мұнда қатынасушылар қашықтықтың өздеріне тиісті бөлігін кезікпен жүгіреді. Бірінші кезеңде тұрған жүгіруші сөреде ұзындығы 30 см. Диаметрі 3-4 см. Эстафеталық таяқшаны алады. Оны ол өз кезегінің аяғында өз командасының кезекте тұрған жүгірушісіне береді, сөйтіп өз кезегін аяқтайды.Таяқшаны алған бала өзінің сатысын жүгіріп өтеді, мұның аяғында эстафеталық таяқшаны үшінші жүгірушіге береді. Əрбір команданың ең соңғы қатысушысы эстафеталық таяқшаны ұстап, мəре сызығынан жүгіріп өтеді, бұдан соң мəреде тұрған төрешіге келіп, оған эстафета таяқшасын əкеліп тапсырады. Барлық сатыларда эстафетаны беру тек эстафетаны беру аймағында ғана орындалуы керек. Ол үшін мұны жақсы көрінетін сызықтармен белгіліп қою қажет. Эстафеталық жүгірудің барлық қиындығы, жақсы жүгіретін балалар үшін де, жүгіруді тоқтатпай, эстафетаны беру аймағында эстафеталық таяқшаны беру болып табылады.