Мәре сызығыннан өту. Орта және алыс қашықтыққажүгіруде, әдетте, желаяқтар соңына қарай мәрелік тастау қолданады, немесеспурт(жылдам жүгіріп ӛтеді), 150 – 200 м құрайтын ұзындық желаяқтың қашықтығына және мүмкіндігіне байланысты. Мәре сызығынан ӛту уақыты жақындағанда жүгіру техникасы біраз ӛзгереді: дене алға қарай кӛбірек бүгіледі, қолдың қимылының белсенділігі арта түседі. Мәренің соңғы
31
метрлерінде қимылдау техникасы сәл нашарлауы мүмкін, себебі, шаршай бастайды. Шаршау жүгіру жылдамдығында байқалады: қимылдау жиілігі тӛмендейді, тірек уақыты ұлғаяды, итерілудің жылдамдығы мен мықтылығы тӛмендейді.
Жүгіру техникасы мен жүгіру адымының құрылымы барлық қашықтықта сақталады, спортшының кинематикалық және динамикалық мүмкіндігіне байланысты тек қана ұзындық пен адымның жиілігі ауысады.