Жеңіл деңгей: Күнтізбелік жоспар қандай құжат негізінде жасалады, кім жасайды, неге оны кейін өзгертуге болмайды?
Аталмыш Ережеде пән мұғалімінің күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын рәсімдеуге қойылатын талаптар бар. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар – бұл педагогтың оқу қызметінің жобасы. Жыл басында әр мұғалім өзінің оқу жоспарында әр сабақтың мәнін сипаттау арқылы күнтізбелік-тақырыптық жоспарды жасайды. Пән бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау пән бойынша бағдарлама негізінде құрылады. Ол ӘБ бірінші отырысында қаралуы тиіс, оны хаттамада көрсету, директордың оқу ісі жөніндегі және ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарымен келісіуі және мектеп директорыменбекітілуі керек. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар 10 қыркүйектен кешіктірілмей тапсырылады.