81
Оған кітап оқып немесе ертегі айтып берген кез-
де, ол суреттерге қарап, өзі ойлап, әрі қарай не
болатынын суреттерге қарап өзі айтады, иллю-
страцияларды түсінеді. Оқу үдерісіне
белсенді
араласуы үшін баланы көтермелеңіз. Ол үшін
әрі қарай не болатынын сұраңыз және жауабын
тыңдаңыз. Баланы міндетті түрде мақтаңыз!
Балаңыз жақында мектепке барады, ол
жаңа
адамдармен танысады, үйдегі жылы әрі емін-
еркін
ахуалдан
міндетті түрде
ерекшеленетін, бөлек ортаға енеді, үйренбеген,
көрмеген өмірлік жағдайлардың ортасына тап
болады. Баланың денсаулығы тұрғысынан да,
ақыл-ой/психологиялық дамуы тұрғысынан да
мұндай жағдайға дайын екеніне көз жеткізіңіз.
Оқу, өзін-өзі күту, қатарластарымен араласу
және т.б. үшін қажетті
қабілеттері мен дағдылары
бар ма?
ҚАУІПСІЗДІК
Баланың теледидардың немесе компьютердің алдында отыратын уақытын
міндетті түрде шектеңіз. Оның осындай жолмен алатын ақпаратына әрқашан
мұқият қараңыз! Таза ауада ойнайтын ойындарға артықшылық беріңіз.
Шылым
шегудің зиян екенін және машинамен келе жатқанда қауіпсіздік белбеуін тағу
қажет екенін есте сақтаңыз. Айналадағы жағдайды қауіпсіздік тұрғысынан үнемі
бақылап отырыңыз.
ЕГЕР СӘБИІҢІЗ:
• сұйық іше алмаса немесе тамақ жеуден және ішуден бас тартса
• әдеттен тыс ұйқы басса немесе оны ояту мүмкін болмаса
• әрбір тамақ ішкеннен кейін құсатын болса
• ауырған кезде аяқ-қолы құрысса
• тамақтан немесе сұйық ішуден бас тартса
• ұстағанда денесі ыстық болса және қызуы түспесе;
• жөтелген кезде дем алысы қиындаса, жиі немесе сырыл болса, тұншыға
бастаса
• нәжісі қан аралас,
сұйық болып іші өтсе, ТЕЗ АРАДА МЕДИЦИНА
ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ ҚАРАЛЫҢЫЗ.