Жеке микробиология


НАУҚАСТАН МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ МАТЕРИАЛ АЛУ



Pdf көрінісі
бет5/89
Дата11.06.2020
өлшемі1,53 Mb.
#73013
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89
Байланысты:
Жашкенова А.Н. ЖЕКЕ МИКРОБИОЛОГИЯ (1)
Жашкенова А.Н. ЖЕКЕ МИКРОБИОЛОГИЯ (1)
НАУҚАСТАН МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ МАТЕРИАЛ АЛУ  

Материал алғандағы негізгі принциптері: 

Материал алынады- 

 



зақымдалған ошақтан.  

 



антибиотикотерапияның алдында. 

 



материалдың қоршаған ортамен қатынасын болдырмай. 

ҚАН АЛУ. 

Қанды  науқастан  төсекте  жатқанда  немесе  таңу  бөлмелерінде  алады.  Қанды  екеулеп 

алған  дұрыс.  Медициналық  қызметкер  теріні  тазалап  және  қан  алады,  екіншісі  бұл 

уақытта ортасы бар флаконның пробкасын оттықтың жалынына жақындатып ұстап ашып, 

оны  шприцтің  алдына  қояды,  флаконның  мойнын  күйдіріп  және  жабамыз.  Қан  алынған 

венаның  терісін  70  град.  спиртпен  тазалап,  одан  кейін  5%  йод  тұнбасы  және  спиртпен 

қайтадан  тазалаймыз.  Венепункцияны  дезинфектант  толық  кепкен  соң  жасаймыз. 

Бактериологиялық зерттеу үшін ересектерден 10 мл кем емес, ал балалардан 5 мл кем емес 



 

қан  алынуы  керек.  Қанды  қызба  кезеңінде,  химиотерапея  алдында  немесе  препарат 



енгізгеннен соң 12-24 сағаттан соң. Манипуляция асептиканы сақтай отырып жасалады.  

ЛИКВОР 


Ликворды  люмбальді  пункция  жолымен  алынады,  кейде  мидың  шеткері  мишығын 

пункциялайды.  Ликворды  алу  –  дәрігердің  манипуляциясы.  Пункциялау  және  материал 

алу  асептика  ережесін  сақтай  отырып  жасалады,  қызметкер  маскамен  жұмыс  жасайды. 

Ликвордың алғашқы порциясы – жалпы ликворологиялық зерттеуге, екіншісі порциясы – 

бактериологиялық  зерттеуге  арналған,  стерильді  центрефужалық  пробиркаға  жинайды. 

Ликворды  шприцпен  пробикаға  құйғанда  инесіз  құю  керек,  пробиркаларды  дұрыс 

қолдану керек. Алынған материал лабораторияға тез жеткізілуі керек, болмаған жағдайда 

бірнеше сағат 37

0

С температурада (жылы сулы грелка немесе термоста) сақтаймыз.  



ЖОҒАРҒЫ ТЫНЫС АЛУ ЖОЛДАРЫНЫҢ БӨЛІНДІЛЕРІ 

Мұрын  қуысынан  материалды  стерильді  құрғақ  тампонның  көмегімен  аламыз,  ал 

аңқадан ылғалды стерильді  мақталы тампонмен аламыз. Мұрыннан және жұтқыншақтан 

әртүрлі тампондармен жұғын алады, жұтқыншақ пен миндалиннен материалды таңертең 

аш  қарында  немесе  тамақтан  соң  3-4  сағаттан  кейін  аламыз.  Жұтқыншақтың  артқы 

қабырғасы  және  миндалиннен  жұғын  алғанда  тампонды  тілге,  таңдайға,  тіске  тигізбеу 

керек.  

ТӨМЕНГІ ТЫНЫС АЛУ ЖОЛДАРЫНЫҢ БӨЛІНДІЛЕРІ 

Науқастан  қақырық  алар  алдында  науқастың  тісін  тазалатып  және  қайнаған  сумен 

аузын  шайғызамыз.  Ең  маңыздысы  болып  қақырықтың  таңертеңгі  порциясы  болып 

табылады.  Қақырықты  стерильді  кең  ауызды  ыдысқа  жинаймыз.  Кішкентай  балалар 

қақырық  түсіре  алмағандықтан,  туберкулездің  диагностикасы  үшін  олардан  асқазан 

жуындысы  зерттеледі.  Исследование  смывов  из  Бронх  жұғынын  зерттеу  қақырық 

болмаған  немесе  аз  болған  жағдайда  қолданылады.  Бұл  әдістің  диагностикалық 

маңыздылығы төмен, себебі ол сумен араластырғанда микроб саны 10-100 есе төмендейді 

қақырыққа қарағанда. Бронхиальды жұғынды бронхоскопия кезінде алады. Бұл жағдайда 

бронхқа  5  мл  артық  физ.  ерітінді  құмауды  ескертеді.  Нақты  нәтижені  алу  үшін 

материалды  инфильтрат  ошағынан  немесе  рентгенологиялық  бақылау  көмегімен 

абсцестен трансторокальді пункция жасау арқылы аламыз.  

ЗӘР. 


Стерильді  ыдысқа  бос  түскен  ортаңғы  порциясынан  3-5  мл  көлемінде  зәр  алынады. 

Материал  алар  алдында  науқас  жыныс  ағзасын  жақсылап  жуады.  ДДҰ-ның  эксперттері 

әйелдер мен еркектерде зәрді алудың келесі инструкциясын ұсынады: 

 



Қолды жақсылап жуу; 

 



Жыныс мүшесін шығарып аздаған порциясын жібереді. 

 



Зәр шығаруды қоямыз және зәрді контейнерге жібереміз.  

 



Контейнерді жабамыз және лабораторияға тапсырамыз. 

ӘЙЕЛДЕРГЕ: 

 

Қолды жақсылап жуу;Стерилді марля салфетка қолданып, жылы сабынды сумен, 



жоғарыдан төмен қарай жыныс мүшесін жуады. 

 



Жыныс мүшесін қайтадан жуып, стерильді салфеткамен сүртеміз. Барлық 

процедура барысында жыныс мүшесін қолмен ұстамау керек.  

 

Бірінші порциясын жібергеннен кейін, қалғанын стерилді контейнерге жібереді. 



 

Контейнерді жабамыз және лабораторияға тапсырамыз. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет