Жеке микробиология


Бруцеллез микробиологиясы



Pdf көрінісі
бет76/89
Дата11.06.2020
өлшемі1,53 Mb.
#73013
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   89
Байланысты:
Жашкенова А.Н. ЖЕКЕ МИКРОБИОЛОГИЯ (1)

Бруцеллез микробиологиясы. 

Бруцеллез  -  Brucella  туыстығының  бактерияларымен  шақырылатын  ауру,  онымен 

адамдар  және  жануарлар  ауырады.  Адам  бруцеллезбен  көбінесе  үй  жануарларынан 

зақымдалады (қой, ешкі, сиыр, шошқа, солтүстік бұғылары - табиғаттағы қоздырғыштың 

негізгі резервуары). 

1886 жылы Д.Брюс осы қоздырғышты ашты. Оны ол мальтиялық лихорадкада қайтыс 

болған  солдаттың  көк  бауырынан  жасалған  препараттан  тапты,  сондықтан  оны 

мальтиялық микрококк деп атады – Mikrococcus melitensis. Оның негізгі тасымалдаушысы 

қойлар  мен  ешкі  болатындығы,  ал  зақымдалуы  олардан  алынған  шикі  сүтті  ішкенде 

болатындығы  анықталды.  1897  жылы  Б.Банг  Б.Стрибольд  сиырлардағы  инфекционды 

абортының қоздырғышын – bacterium abortus bovis, ал 1914 жылы Дж.Трау шошқалардың 

инфекционды  абортының  қоздырғышын  -  bacterium  abortus  suis  ашты.  Олардың 

Mikrococcus  melitensisтен  айырмашылығы  бір  шамалы  ғана  болғандықтан  оларды  бір 

топқа  Brucella  –  біріктіру  шешілді.  1929  жылы  И.Хеддльсон  оларды  үш  түрге  бөлуді 

ұсынды:  В.melitensis,  В.  аbortus,  В.  Suis.  Біраз  уақыттан  кейін  оларға  тағы  үш  түрі 

қосылды: В ovis, B. Neotomae, B. Canis. 

Бруцеллалар  ұқсас  морфологиялық,  тинкториальды  және  дақылдық  қасиеттерге  ие 

болады.  Олар  ұсақ  грам  теріс  кокктар  тәрізді  д  0.5-0.7  мкм  және  ұзындығы  0.6-1.5 мкм 

жасушалар болып табылады, олар ретсіз, кейде жұптасып орналасады, талшықтары жоқ, 

капсула  мен  спора  түзбейді.  Бруцеллалар  аэробтар  немесе  микроаэрофильдер  болып 

табылады, анаэробты жағдайларда өспейді. Өсудің температуралық оптимумы 36-37

0

С рН 



7-7,2 қарапайым орталарда жақсы өседі, бірақ сарысу мен қан қосу кезінде жақсы өседі. 

Ұсынылатын  орталар  сарысу  5%,  глюкоза  қосылған  қоректік  агар  5%  сарысу  қосылған 

картоп  тұнбасы  негізінде  жасалынған  агар,  қанды  агар,  ЕПС.  В.  Аbortus-тың  ерекшелігі 

атмосфералық өсу ортасында СО

ге қажетілігінің болуы. Бруцеллалардың коллониялары 



түссіз, төмпешіктелген, дөңгелек S формалы немесе кедір-бұдырлы-R формалы, басында 

нәзік  және  мөлдір  өсуімен  бұлаңғыра  түседі.  В  ovis,  B.  Canis,  В.  Suis  коллониялары 

әрқашанда  R  формалы  болады.  Бруцеллалардың  сұйық  ортада  өсуі  бір  қалыпты 

бұлыңғырлануына  әкеледі.  Бруцеллалардың  өсуіне  тиамин  биотин  ниацин  керек. 




56 

 

Бруцеллалар глюкозамен арабинозаны газдық түзілуінсіз ферменттейді, индолды түзбейді. 



Экстрактардың  иммуноэлектрофорезі  арқылы  бруцеллалар  антигендерінің  10-14 

фракциясы  анықталды.  Бруцеллаларды  жалпы  туыстық  антиген,  басқа  әртүрлі 

соматикалық  антигендері.  Соның  ішінде  түрлік  М  (В.melitensis),  А(В.  Аbortus)  және  R 

(кедір-бұдырлы формалары) антигендері бар. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет