Жеке микробиология



Pdf көрінісі
бет85/89
Дата11.06.2020
өлшемі1,53 Mb.
#73013
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89
Байланысты:
Жашкенова А.Н. ЖЕКЕ МИКРОБИОЛОГИЯ (1)
Жашкенова А.Н. ЖЕКЕ МИКРОБИОЛОГИЯ (1)
 

Микоплазма 

Микоплазмалар  –  жасуша  қабырғасы  жоқ,  бірақ  үш  қабатты  липопротеидті 

цитоплазмалық  мембранадан  тұрады.  Микоплазмалар  сфералы,  сопақшалы,  жіпшелі, 

жұлдызшалы  болулары  мүмкін.  Микоплазмаларды  Берги  жіктелуі  бойынша  жеке  топқа 

жіктеген.  Көлемдері  әртүрлі  бірнеше  микрометрден  125-150  нм  дейін.  Ұсақ 

микоплазмалар  бактериалді  сүзгі  арқылы  өтіп,  оларды  сүзгілі  формадеп  атайды. 

Микоплазмалар  топырақта,іркінді  суларда  және  әртүрлі  субстраттарда  анықталған.Адам 

және  жануарлар  ағзасында  патогенді  және  патогенді  емес  түрлері  кездеседі.  Патогенді 

микоплазмалар тыныс алу жолдарын, зәр шығару және ОЖЖ зақымдайды. Адамға үшін 

патогендісі Mycoplasma pneumonia, шартты-патогенді - Mycoplasma hominy және Т- тобы. 

 

Хламидия 

 Chlamydiaccue  тұқымдастығы,  Gracilicutes  ,  бөлімі,  туысы-  Chlamydia.(грек  тілінде- 

плащ). 

Қазіргі кезде 3 түрі бар: C. trachomatis, C. psittaci және C. pneumanice. 3- де адам мен 

жануарға  патогенді.  60

0

С-  10  минут,  ал  төменгі  температурада  ұзақ  уақыт  сақталады. 



Антисептиктер  мен  дезинфектанттарға  сезімтал.  Әртүрлі  факторлар  эсер  еткенде  L-

формаға  ауысады.  Хламидия-  «энергетикалық  паразит».  Өздігінен  жоғары  энергия  бөле 

алмайды және өзін энергиямен қамтамасыз ете алмайды. Клетка ішілік паразит жағдайда 

жақсы өседі. Бинарлы бөліну арқылы көбейеді. 

Өмірлік циклы 2- негізгі формада қалыптасады: 

 



Элементарлы  денешік-  ұсақ  (0,2-0,5  мкм)  сфера  тәрізді  клеткадан  тыс  құрылым 

және  үш  қабатты  клетка  қабырғасы.  Метобализмге  аз  активті  және  клеткадан  тыс  өмір 

сүруге бейімделу. 

 Элементарлы  денешік-  инфекциялық  бірлік,  клетканы  зақымдайды.  Элементарлы 

денешік Романовский- Гимза әдісімен бояғанда- пурпурный түс береді. 

 



Ретикуляплы денешік- репродукциялық клетка ішілік формада. Ірі  болады (1 мкм 

дейін)  клетка  қабырғасы  қалың  болады.  Элементарлы  денешік  5-6  сағатта  өсіп  шығады, 

цитоплазмаға еніп құрылысын өзгертеді. Алғаш Э.Д.-тен инициальді денешік (вегетативті 

форма)  пайда  болады.  Романовский-  Гимза  әдісімен  бояғанда  көк  түске  боялады. 

Инициальді  денешік  біраз  уақыттан  соң  РД  айналады.  РД  айналған  соң  клетка  бинарлы 

бөлініп көбейеді, қасында денешік пайда болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет