Морфологиясы
Эшерихиялар полиморфты таяқшалар, шеттері домаланған (2.5-3х0.5-0.8 мкм); грам-,
перитрихтар (немесе қозғалмайды). Спора түзбейді, кей штаммдарында капсула болады.
Эндотоксині бар, эшерихийлердің кей серотиптерінде экзотоксин кездеседі.
Дақылдық қасиеттері
Е.соlі - факультативті анаэроб, қарапайым қоректік ортада жақсы өседі - тығыз
қоректік ортада колониялар дөңес, жарты-лай тұнық. Сұйық қоректік ортада (етті-
пептонды сорпада) өсуі - бырынғай сорпа лайланады. Температуралық оптимумы - 37
0
С
(10-45
0
С аралығында), рН 7.2-7.4. Барлық дифференциалық-диагностикалық қоректік
орталарда Е.соlі колониялары лактозаны ыдыратқандықтан индикатор түсіне боялады
(Эндо ортасында - қоңыр-қызылкүрең түсті, беткейі темірдей жылтыр келеді), Левин
ортасында - колониялар қоныр-күлгүн түсте.
Достарыңызбен бөлісу: |