Сальмонеллалар қоректік орталарға талғампаз емес. Жай қоректік орталарда жақсы
жартылай жарық колониялары - S-формада, диаметрі - 2-4 мм. R-формадағы колониялар
жазық, мөлдірлігі төмен, шет-тері тегіс емес. Парасүзек В сальмонеллалардың жас
дақылдағы колониялары іш сүзегі мен парасүзек А сальмонеллалар колонияларынан
ерекшелігі бар: олар үлкен және бұлынғыр болады. 18-20 сағат термостатта ұстағаннан
соң, 1-2 тәулік бөлме температурасында қалғанда, колониялардың шеттерінде кілегейлі
Төмпешік пайда болуы парасүзек В маңызды диагноз қою белгісі, басқа сүзектердің
21
Науқастан алынған материалды бірден ексе, сальмонеллалар жәй өседі. Сондықтан
оларды көбейту үшін молайту қоректік орталарына егеді: Мюллер, Кауфманн және
селенит сорпасына нәжіс, құсық массасы, зәр егіледі. Тағы элективтік орталар қолданады:
Рапопорт және 10-20% өт сорпасына қан егіледі.
Сальмонеллаларды бөліп алу үшін дифференциальды Эндо, Левин, Плоскирев және
висмут-сульфит агары қажет. 18-20 сағат термостатта, бірінші үш қоректік ортада өскен
жағдайда, сальмонеллалар колониялары - түссіз (себебі, қоректік орта құрамына кіретін
лактозаны ыдыратпайды). Висмут-сульфит агарда жай өседі, 48 сағат инкубацияда қара
түсті колониялар көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: