Жеке микробиология



Pdf көрінісі
бет37/89
Дата11.06.2020
өлшемі1,53 Mb.
#73013
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   89
Байланысты:
Жашкенова А.Н. ЖЕКЕ МИКРОБИОЛОГИЯ (1)

Дақылдық  қасиеттері.  Дифтерия коринебактериясы аэроб немесе факультативті 

анаэроб,  оптимальді  өсу  температурасы  35-37

0

С,  рН  7.6-8.0.  Қоректі  ортаға  талғампаз 



емес,  бірақ  сары  су  немесе  қан  қосылған  орталарда  жақсы  өседі.  Селективті  орталары 

Клауберг, Ру немесе Леффлердің ірітілген сары су орталары, колониялар 8-12 сағ. дөнес 

ақшыл-сүр немесе сары түсте. Беттері тегіс немесе сәл дәнді, шеттері сәл мөлдір ортасына 

қарағанда.  Колониялар  бір-бірімен  тығыз  өспейді,  сондықтан  дақыл  түрі  “шагрен 

терісіне” ұқсас. Сүйық орта лайланады немесе мөлдір болады, ал бетінде нәзік қабықша, 

біршама уақыт өткен соң қалындайды, ұсақталып түбіне түседі. 

Дифтерия  коринебактериялардың  ерекшелігі  теллурит  калий  қосылған  қанды  және 

сары  су  орталарында  жақсы  өседі,  себебі  қоринебактерий  теллурит  калийді  қалпына  - 

темірлі калийге ауыстырады, ал олар бактерийде жиналып қалып оларға қоныр сүр немесе 

қара түс береді. Осындай орта қолдану дифтерия бактерийлер бөлінуін жоғарлатады. 

Тексерілетін материалды Бучин ортасына егуге болады (хинозольды орта). Осы ортада 

өскен дифтерия коринебактериялары индикаторды қалпына келтіргендіктен фиолет түске 

боялады. Дифтероидтар мен жалған дифтериялық таяқшалар түссіз немесе аспан-көгілдір 

колониялар түзеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет