Иллюстративті материал
Холерный вибрион. Окраска эозином, ув.х1000.
Электронная микроскопия холерного вибриона
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
1.
Аса қауыпты инфекция дегеніміз не?
2.
Эпидемия, пандемия дегеніміз не?
Дифтерия микробиологиясы.
Дифтерия - жедел дамитын жұқпалы ауру, жиі жас балалар ауырады, организм
дифтерия токсинімен кұрт улануымен бірге қоздырғыш еңген орнында фибринозды
қабыну процесін тудырады. Аурудың аталуы грек сөзінен dіphthera - тері, қабыршақ,
себебі, қоздырғыш көбейген орнында тығыз ақшыл-сүр түсті қабыршақ пайда болады.
Дифтерия қоздырғышы - Corіnebacterіum dіphtherіae алғаш рет 1883 жылы Э.Клебс
ашты, Ф.Леффлер 1884 ж. қабыршақтан қоздырғыштың таза дақылын бөліп алды. Э.Ру
және А.Иерсен дифтерияның этиологиясы және патогенезінде маңызды роль экзотоксин
атқаратындығын дәлелдеген. 1892 ж. Э.Беринг антитоксикалық сары су тапты және 1894
жылдан бастап оны дифтерия еміне қолдана бастады, қатерлі жағдайлар санын
төмендетті. 1923 ж. Г.Рамон дифтерия анатоксинін бөліп алатын әдісті ұсынды.
Достарыңызбен бөлісу: |