Жеке микробиология


ш сүзегі мен парасүзектердің патогенезі



Pdf көрінісі
бет25/89
Дата11.06.2020
өлшемі1,53 Mb.
#73013
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   89
Байланысты:
Жашкенова А.Н. ЖЕКЕ МИКРОБИОЛОГИЯ (1)

 

1ш сүзегі мен парасүзектердің патогенезі 

Адамға  қоздырғыш  ауыз  арқылы  түседі,  аш  ішек  және  шарып  лимфа  түйіндеріне 

жетеді, сол жерде көбейіп, солитарлы фолликулалар мен пейер бляшкаларға түсіп, оларды 

сенсибили-зациялайды.  Лимфа  түйіндер  арқылы  сальмонеллалар  қанға  түседі  - 

бактериемия  сатысы.  Қанмен  бактериялар  паренхиматозды  мүшелерге  таралады:  бауыр, 

көкбауыр, жілік майына ж.т.б. Осы уақытта қанда антиденелер жинала бастайды, яғни қан 

мен  паренхиматозды  мүшелер  бактериядан  айырыла  бастайды.  Соны-мен  қатар,  өт 

қапшығында  сальмонеллалар  ұзақ  сақталуы  мүмкін.  Себебі  сальмонеллалар  дамуына  өт 

ең  қолайлы  орта  болып  саналады.  Өт  қапшығындағы  бактериялар  өт  жолдары  арқылы 

қайтадан  аш  ішекке  жетеді.  Бұл  жерде  олар  сенсибилиза-цияланған  солитарлы 

фолликулалар  мен  пейер  бляшкалары  қабынып  некрозданады.  Бактерияларға  толы 

некроздық  масса  ыдырағанда  ішектер  қуысына  түседі  де  нәжіспен  сыртқа  бөлінеді. 

Некроздалған 

масса 


орнында 

жаралар 


пайда 

болады, 


сауығу 

барысында 

(реконвалесценция) біте бастайды.  

Аурудың клиникалық көріністері келесі сатыдан тұрады: 

1. 

- бастапқы сатысы - stadіum іncrementі (1-ші апта): дене қызуы көтеріледі 40-



42С, интоксикация айқын көрінуде және басқа да ауру көріністері байқалуда; 

11 - аурудың барлық симптомдары айқын көрінетін сатысы - stadіum acme (аурудың 2-

3-ші аптасы), дене қызуы тұрақты жоғары санда; 

111 - аурудың бәсеңдеу сатысы - stadіum decrementі (аурудың 4-ші аптасы): бәсеңдеп, 

дене қызуы түсуде және басқа симптом-дары да тежелуде; 

1V - сауығу сатысы. 



Морфологиясы 

1ш 


сүзегі, 

парасүзектер 

және 

токсикоинфекциялар 



қоздыр-ғыштарының 

морфологиясы  бір-бірінен  ажыратылмайды.  Бар-лығы  -  ұсақ  қысқа  грам(-)  шеттері 

домаланған таяқшалар, көлемі 1-3х0.6-0.8 мкм. Сальмонеллалар қозғалады, 8-20 талшығы 

бар  (перитрихтер).  Спора  мен  капсула  түзбейді.  Аэробтар,  бірақ  ана-эробиоз  жағдайда 

дами алады. Эндотоксині бар. ДНҚ Г+Ц деңгейі 50-52%. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет