Аналитикалық сигналды өлшеу
Пипетка арқылы тура 5,00 мл көлемдегі анализденетін КСl ерітіндісін алып, құбырға құйяды. Кранды бояу бөлінуге (20 тамшы 1 мин) реттейді кейін ерітінді бетінде ұнтақ пайда болғанша катионит арқылы КС1 ерітіндісін жібереді. Содан кейін құбырды көлемі 50 мл дистилденген сумен жуады. Құбардан бөлінген ерітіндіні және су жуындыларын конус тәріздес көлемі 250 мл колбаға жинайды. Қышқылдан бөлінген жуындыны толығымен тексереді. Ол үшін бөлінген сұйықтықты 2-3 тамшы және 1 тамшы тамызады. Индикатордың сары түсі жуынды суларында қышқылдың жоқ екенін көрсетеді.
Колбаның ішіндегісін метилоранж индикаторы қатысында катионын бюретка белгісіне дейін толтыратын сілтінің стандартты ерітіндісімен (Сэ(NаОН) =0,1моль/л) титрлейді. Нәтижесін жұмыс журналына жазады. Алдындағыдай қайталау анықтамасын жүргізеді. Егер алынған мәндер жақын болса, яғни 0,5 мл айырмашылығы болмаса, онда анализді аяқтайды. Кері жағдайда 3 рет анықтау жүргізіледі. Жақын нәтиженің орташа мәнін алып, анализденетін ерітіндінің концентрациясын есептейді.
Достарыңызбен бөлісу: |