2.6.9. Комплексометриялық титірлеу тәсілі
Бұл әдіс комплексондармен металл иондары комплексті қосылыс түзілу реакциясына негізделген. Реакция нәтижесінде суда жаксы еритін, берік ішкі комплексті қосылыс түзіледі.
Комплексондар – полиаминополикарбон қышқылдарының топтары болып келетін органикалық қосылыстар. Ең қарапайым түрі.
С Н2СООН
H -N
СН2СООН
Комплексондардың көп таралған түрі этилендиаминтетрасірке қышқылы (ЭДСҚ немесе комплексон II) ЭДСҚ – ң екі натрий тұзы немесе комплексон III тағыда басқаша Трилон Б
H OOCH2C CH2COONa
N -CH2-CH2-N немесе
NaOOCH2C CH2COOH
Қысқаша Na2H2 y.
Трилон Б көптеген катиондармен комплексті тұздар түзеді. Олар корбоксил тобындағы сутегі атомдарының металл иондарымен алмасуы арқылы және осы металдардың арасында координациялық байланыс натижесінде сонымен қатар трилон Б құрамындағы аминатоптың Азот атомдарымен алмасуы арқылы түзіледі. Екі атомды металл катиондарының реакциясын қысқаша төмендегідей жазады: Na2H2y + Me2+ Na2Mey+ 2H+
Трилон Б сулы ерітіндіде H2y2- ионын түзу арқылы диссацияланады:
Na2H2y ↔2Na++ H2y2-
Комплексонаметрия әдісін қолданғанда жұмысшы ерітінді ретінде трилон Б пайдаланады. Ол барлық талапқа сәйкес келеді. Сондықтан стандартты жұмысшы ерітіндісін мына формула бойынша есептейді
m (Na2H2y) = CЭ(Na2H2y) ∙ MЭ(Na2H2y)∙V(ерітінді)
мұндағы, m(Na2H2у )– трилон Б өлшемінің массасы(г).
CЭ(Na2H2y) – трилон Б эквивалентті молярлы концентрациясы,(моль/л).
MЭ(Na2H2y) = 1\2M(Na2H2y), эквиваленттілік саны 2 – болғандықтан.
V(ер – ді) көлемі (мл).
Металл – индикаторлардың көмегімен эквиваленттік нүктені анықтайды. Олар органикалық бояғыштар, металл катиондарымен түсті комплексті қосылыстар түзеді, түсі бос индикатордың түсіненбасқаша. Пайда болатын комплексті қосылыстар трилон Б мен түзілген комплексті қосылыстардан әлсіз (тұрақсыз). Негізгі металл – индикаторларға эриохром – қара Т, мурексид, флуорексон жатады. Мысалы, Эриохром – қара T(Hind2) Индикаторының түсі сілті ортада көк түсті, ал металл катионымен шие түсті болады.
Достарыңызбен бөлісу: |