Жексенбі Мөлдір Альтернативті энергия көздері МӨЖ 3 Тақырыбы: Жел энергиясы. Ауыл шаруашылығында жел энергиясын пайдаланудың негізгі бағыттары



бет3/3
Дата01.04.2022
өлшемі17,08 Kb.
#137597
1   2   3
Байланысты:
9-апта МӨЖ 3 Жексенбі Мөлдір Альтер. ист. эн.

Электр энергиясын алу үшін;

  • Кейбір механизмдерді қозғалысқа келтіру үшін.

    Қазіргі кезде 100 000 астам су тарту насосы жұмыс істейді көбісі электрленбеген ауылдық жерлерде орналасқан. Көбінсе фермерлер ауыз сумен ауыл тұрғындарын қамтамасыз ету үшін және мал, егін суару үшін қолданады. Қазір су тарту қондырғылары рынокта сатылады. Мысалы, 3 метрлік ротор 2000 л суды 1 сағатта 10 метрден 3м/с жел жылдамдығында көтерсе, ал 7метрлік желқондырғысы 8000 л суды осындай жылдамдықта 1сағаттта көтереді екен. Мұндай желқондырғыларды орнату оңай және қолдану өте қарапайым.
    Мысалға алатын болсақ:
    Оңтүстік Қазақстанда жел көп соғатын аудандар бар. Жергілікті «Tree Energy» компаниясының мүмкіндіктерімен танысу барысында өңір басшысы жел күшімен өндірілетін электр қуатының тиімділігін ерекшеледі. Баламалы энергия көздерін ауыл шаруашылығы саласында кеңінен қолдану қажеттігін бірлесе талқылады.
    Tree Energy компаниясы бүгінде баламалы энергия көздерін іздеу мен өндіруде сәтті жұмыс атқарып келеді. Мұның бәрі ел аумағындағы 80-90 пайызды құрайтын күн мен желдің мүмкіндігін қолданып көру идеясынан туындаған болатын. Алғашқы қолданысты гаражда іске асырып көрді. Бүгінгі таңда не Ресейде, не Орта Азияда баламасы жоқ бірегей жел генераторын зауытта өндіру деңгейіне жетіп отыр.
    Бүгінде ғылыми ортаның баламалы энергия көздеріне деген қызығушылығы жоғары. Мәселен, Дания мемлекеті жел генераторларының көмегімен барлық электр қуатының 40 пайызын, Португалия 23 пайызын, Испания болса – 16, Ирландия – 14, Германия – 8 пайызын өндіруге қауқарлы. Ал, Қазақстандағы өндіріс әзірге 0,5 пайызды ғана құрап отыр.
    Жел энергиясының басқа энергия көздерінен басты екі артықшылығы бар. Экологиялық тұрақтылық және экономикалық үнемдеу басым. Жел генераторлары бұл жоба бойынша өңірдегі шаруа қожалықтарына енгізілсе, ауыл шаруалышығының да одан әрі дами түсетіні анық.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет