Желі түрлері, олардың бір – бірінен айырмашылығы



бет7/23
Дата15.12.2023
өлшемі0,53 Mb.
#197182
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
Багитова сұрақ жауап

12. Кабельдер типтері

Бүгінгі таңда компьютерлік желілердің көпшілігінде қосы­лыс ортасы ретінде сымдар мен кабельдер пайдаланылады. Олар компьютерлер арасында сигналдардың беріліс ортасының рөлін атқарады. Кіші және үлкен желілердің талаптарына сай кабель­дердің түрлері көп. Бақытымызға қарай, желілердің көпшілігі үшін кабельдердің тек үш негізгі түрі қолданылады:

а) коаксиал кабель

б) шиыршықталған жұп (экрандалған және экрандалмаған)

в) оптикалық талшықты кабель

Коаксиал кабель

Кабель компьютерді желінің басқа машиналарымен қосатын байланыс арнасын қамтамасыз етеді. Кабельдерді орнату бары­сын­да оньщ ерекшеліктерін ескерген жөн. Ол ережелер ескеріл­ме­ген жағдайда түрлі ыңғайсыздықтар туады. Кабель мен кабель сегменті ұғымдарының айырмашылығын алдын-ала түсініп алған жөн. Кабель — желінің екі түйінінің арасын қосатын сымның бөлі­гі. Кабель сегменті дегеніміз -желінің бір ұшын келесісімен қоса­тын (терминаторлар арасыи қосатын) кабельдердің тобы. Терми­на­тор­лар — сегменттің екі шетіне орңатылып, кабельдің толқын­дық кедергісін қалыпқа келтіретін резисторлар. Сегмент соңына жеткен сигналды терминатор жұтады, мұның өзі паразиттік сиг­налдардың шағылысуын болдырмайды. Терминаторларды орнат­па­ған жағдайда, желі соңына жеткен сигналдар шағылысып, қай­тадан кабельге түседі де оның бойымен деректер алмасуға кедергі жасайды, желінің жұмысын тоқтатуға дейін барады.

Бұған дейін коаксиальді кабель ең кең тараған кабельдердің бірі болып келді. Мұның екі себебі бар. Біріншіден, оның құны төмен, жеңіл, жұмсақ және қолдануға ыңғайлы. Екіншіден, коак­сиал кабельдің кең таралуы оның сенімділігін арттырып, орнату жағынан қарапайым болуына әкелді.

Ең қарапайым коаксиал кабель мыс тамырдан,оқшаулауыш­тан, әкраннан және сыртқы қабықшадан тұрады.

Коаксиал кабельдің құны жағынан салыстырмалы турдеже­ңіл, иілгіш және қолдануға ыңгайлы. Ол полимерлік оқшаулан­дыр­ғыш қабатпен жабылған орталық өткізгіштен (тұтас немесе көптамырлы) тұрады, оның сыртында басқа өткізгіш (әкран) ор­на­ласқан.


Студент
Бас бет Информатика
Желілік кабель – физикалық беріліс ортасы
29.04.2018
Кабельдер типтері

Бүгінгі таңда компьютерлік желілердің көпшілігінде қосы­лыс ортасы ретінде сымдар мен кабельдер пайдаланылады. Олар компьютерлер арасында сигналдардың беріліс ортасының рөлін атқарады. Кіші және үлкен желілердің талаптарына сай кабель­дердің түрлері көп. Бақытымызға қарай, желілердің көпшілігі үшін кабельдердің тек үш негізгі түрі қолданылады:

а) коаксиал кабель

б) шиыршықталған жұп (экрандалған және экрандалмаған)

в) оптикалық талшықты кабель

Коаксиал кабель

Кабель компьютерді желінің басқа машиналарымен қосатын байланыс арнасын қамтамасыз етеді. Кабельдерді орнату бары­сын­да оньщ ерекшеліктерін ескерген жөн. Ол ережелер ескеріл­ме­ген жағдайда түрлі ыңғайсыздықтар туады. Кабель мен кабель сегменті ұғымдарының айырмашылығын алдын-ала түсініп алған жөн. Кабель — желінің екі түйінінің арасын қосатын сымның бөлі­гі. Кабель сегменті дегеніміз -желінің бір ұшын келесісімен қоса­тын (терминаторлар арасыи қосатын) кабельдердің тобы. Терми­на­тор­лар — сегменттің екі шетіне орңатылып, кабельдің толқын­дық кедергісін қалыпқа келтіретін резисторлар. Сегмент соңына жеткен сигналды терминатор жұтады, мұның өзі паразиттік сиг­налдардың шағылысуын болдырмайды. Терминаторларды орнат­па­ған жағдайда, желі соңына жеткен сигналдар шағылысып, қай­тадан кабельге түседі де оның бойымен деректер алмасуға кедергі жасайды, желінің жұмысын тоқтатуға дейін барады.

Бұған дейін коаксиальді кабель ең кең тараған кабельдердің бірі болып келді. Мұның екі себебі бар. Біріншіден, оның құны төмен, жеңіл, жұмсақ және қолдануға ыңғайлы. Екіншіден, коак­сиал кабельдің кең таралуы оның сенімділігін арттырып, орнату жағынан қарапайым болуына әкелді.

Ең қарапайым коаксиал кабель мыс тамырдан,оқшаулауыш­тан, әкраннан және сыртқы қабықшадан тұрады.

Коаксиал кабельдің құны жағынан салыстырмалы турдеже­ңіл, иілгіш және қолдануға ыңгайлы. Ол полимерлік оқшаулан­дыр­ғыш қабатпен жабылған орталық өткізгіштен (тұтас немесе көптамырлы) тұрады, оның сыртында басқа өткізгіш (әкран) ор­на­ласқан. Әкран оқшаулаңдырғыштың сыртынан мыс сыммен қапталған орауды құрайды иемесе оқшауландырғыштың сырты­нан қапталған фольгадан тұрады. Жоғары сапалы кабельдерде оп­летка мен фолга қатар қолданылады. Коаксиал кабель шиыршық­тал­ган жұпқа қараганда кедергіге қарсы жоғары орныктылықты қамтамасыз етеді, бірақ оның құны жоғары. Коаксиал кабельдер­дің түрлері көп. Желіні жүргізген кезде кабельдердің түрлері та­лаптарға сай нақты таңдалуы керек. Сигналдың кабель бойымен жылжу барысында мөлшерінің азаюын оның өшуі деп атайды. Коаксиал кабель шиыршыкталған жұпқа қарағанда кедергіге қарсы жоғары орныктылықты қамтамасыз ететіндіктен, онда сигналдың өшуі аз кездеседі.

Коаксиал кабельдердің түрлері. Желіге қойылатын нақты талаптарға сай коаксиал кабельдердің түрі таңдалады

Кабельді қосуға арналған құрал — жабдыктар:

а) BNC — коннектор кабельдің ұшына дәнекерленеді немесе
қысылады.

б) BNC Е — коннектор желілік кабельді компьютердің же­лілік тақшасымен қосады.

в) BNC — баррел-коннектор жіңішке коаксиал кабельдің екі
бөлігін біріктіру үшін қолданылады.

г) BNC — терминатор бос сигналдарды жұтады.

Коаксиал кабельдердің жіктелуі

Поливинилхлорид (PVC) — көптеген коаксиал кабельдер үшін оқшаулауыш немесе сыртқы қоршау ретінде қолданылатын плас­тик. PVC кабелі жұмсақ болып келеді, оны бөлменің ашық жерле­рінде жургізуге болады, бірақ жанған кезде улы газдар бөледі.

Пленум — бұл төбе мен шатыр арқалығы арасындагы кішігі­рім кеңістік, оны көбінесе ауа тазартқыш ретінде қолданады.Пле­нумдық кабельдің рқщаулауыш қабаты мен сыртқы қоршауы от­қа төзгіш материалдардан жасалған, олар жанған кезде түтінді аз бөледі, бірақ құны жоғары және қатты. Коаксиал кабельдер келе­сі жағдайларда қолданылады:

сөздерді, видео және екілік деректерді тасымалдаушы орта


ретінде
деректерді алыс қашықтықтарға жеткізу үшін (құны төмен
кабельдермен салыстырғанда)
деректерді қорғауды жеткілікті деңгейде қамтамасыз ететін
таныс технология


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет