Желідегі компьютердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қосылуларды жалпы баптау басқаруларын пайдалану Жұмыстың мақсаты


Зертханалық жұмыс орындау үдерісі. Осы тапсырманы орындауға қойылатын талаптар



бет6/9
Дата16.01.2022
өлшемі122 Kb.
#112203
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ОЖ 13-зертханалық жұмыс. Желідегі компьютердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Зертханалық жұмыс орындау үдерісі. Осы тапсырманы орындауға қойылатын талаптар

Тіркеу деректері: Сіз домен құрамында Windows XP SP2 операциялық жүйесі басқаруымен жұмыс істейтін компьютердегі жүйеге Домен әкімшілері қауіпсіздік тобының мүшесі ретінде кіріп, Топтық саясаттың қажет объектісін (GPO) ашыңыз.

Құралдар: Топтық саясат объектілері редакторы (Group Policy Object Editor) жабдықтамасы орнатылған Microsoft басқару консолі (Microsoft Management Console – MMC).

1-жаттығу: Топтық саясат нысандарын жаңарту

1. Бастау (Пуск) батырмасын басыңыз, Орындау (Выполнить) мәзірін таңдап, mmc деп теріңіз және содан кейін ОК батырмасын басыңыз.

2. Консоль мәзірінен Жабдықшаны қосу немесе жою пунктін таңдаңыз.

3. Оқшауланған жабдықша (Изолированная оснастка)  қыcтырма бетінде Қосу (Добавить) батырмасын басыңыз.

4. Қол жетімді оқшауланған жабдықшалар (Доступные изолированные оснастки) тізімінен Топтық саясат нысаны редакторы жабдықшасын таңдап, Қосу (Добавить) батырмасын басыңыз.

5. Топтық саясаттар нысанын таңдау (Выбор объекта групповой политик) сұхбаттық терезесінде Шолу (Обзор) батырмасын басыңыз.



13.1-cурет. Топтық саясат объектісін таңдау

6. Топтық саясат объектісін іздеу (Поиск объекта групповой политики, Find GPO)  сұхбат терезесінде Windows брандмауэрінің жаңа параметрлерін пайдалану үшін жаңартуыңыз қажет GPO нысанын көрсетіңіз.

7. Топтық саясат шебері жұмысын аяқтау үшін алдымен ОК батырмасын, сонан соң Дайын (Готово) батырмасын басыңыз. Мұнымен Сіз таңдалған Топтық саясат объектілеріне (GPO) жаңа әкімшілік шаблондарды қолданасыз.

8. Оқшауланған жабдықшаны қосу (Добавить изолированную оснастку)  сұхбат терезесінде Жабу (Закрыть) батырмасын басыңыз.

9. Жабдықшаны қосу немесе жою (Добавить или удалить оснастку) сұхбат терезесінде ОК батырмасын басыңыз.

10. Консоль мәзірінен Шығу (Выход, Exit) пунктін таңдап, басқару консолін жабыңыз. Консоль параметрлерінің өзгерістерін сақтамаңыз.

Ескерту. Консольдың параметрлері өзгермегенімен, жоғарыда сипатталған қадамдар Windows XP SP2 операциялық жүйесінің жаңа әкімшілік шаблондарын Топтық саясаттың көрсетілген объектілеріне (GPO) импорттайды. Үлгілерді көрсетілген барлық GPO-ға импорттау керек.

1-тапсырма:

1. Жоғарыда келтірілген қадамдарды Windows XP SP2 жүйесі басқаруымен жұмыс жасайтын компьютерлерде Топтық саясаттары қолданылатын барлық GPO үшін қайталаңыз.



Ескерту. Microsoft компаниясы Active Directory каталогтары мен Windows XP SP1 ОЖ қызметін қолданатын желілік ортада GPO нысандарын жаңарту үшін тегін жүктеуге болатын қол жетімді топтық саясатты басқару консолін пайдалануға кеңес береді.

2. Орындалған жұмысты оқытушыға көрсетіңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет