2020 жылға, одан кем емес мерзімге дейін адамдар биоәртүрліліктің құндылық бағасы туралы және оны сақтау мен тұрақты пайдалану үшін қабылдай алатын шаралар туралы хабардар болуы тиіс.
2020 жылға, одан кем емес мерзімге дейін адамдар биоәртүрліліктің бағалық құны ұлттық және жергілікті даму стратегияларына, кедейлікті қысқарту, жоспарлау үрдісіне енгізілуі тиіс және сәйкес жағдайларда ұлттық ескеру және есептеу жүйелеріне ендіріледі.
2020 жылға, одан кем емес мерзімге дейін биоәртүрлілікке зиян келтіретін субсидиялар, ынталар жойылуы тиіс, кезегімен жойлып, немесе минимум шамаға келтіру мақсатында өзгерту немесе кері әсердің алдын алу керек. Конвенция мен басқа сәйкес халықаралық міндеттерге сай және ұлттық әлеуметтік- экономикалық шарттарды ескеріп биоәртүрлілікті орнықты пайдалану үшін оңды шаралар әзірленіп, пайдаланылуда.
ЕҚТА даму үлгісін және Қазақстанның экологиялық желілерін әзірлеу.
Ағымдағы бағдарламаларды және Биологиялық Әртүрлілік Қызметі Жоспарының Ұлттық Стратегиясын (1999ж.) талдау.
БӘ бойынша ұлттық мақсатты міндеттерді жасау және оларды бағалау индикаторларын анықтау.
Биологиялық Әртүрлілік Қызметі Жоспары мен Ұлттық Стратегиясының құрылымын келісу.
Биоәртүрлілікпен, оның құндылық бағасымен, қызметімен, және де оны жоғалту салдарымен байланысты білім беру бағдарламалары.
Секторлық салаларына (орман, балық, ауыл шаруашылығы, туризм) биоәртүрлілік мәселелерін енгізу.
Генетикалық
эрозияны
минимумға жеткізу
және генетикалық
әртүрлілікті сақтау
бойынша стратегия
әзірлеу.
Қорларды жұмылдыру стратегиясын әзірлеу (мемлекеттік бюджет, траст қоры, бизнес- құрылым құралдары).
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспары
Қазақстан биоәртүрлілігін сақтау және ұтымды пайдалану бойынша іс-әрекеттер Жоспары және Ұлттық Стратегиясы 1999 жылы Қоршаған ортаны қорғау және табиғат қорлары министрлігімен әзірленіп, бекітілді.
Берілген құжаттың концептуалды негізі экологиялық сұрақтар бойынша «Қазақстан Республикасыныі 2030 жылға даму стратегиясы» бөліміне сәйкес келеді, мұнда басым мақсаттар мен міндеттер айқындалған.
Стратегиялық міндеттер in-situ, ex-situ сақталудың, биоәртүрлілікті орнықты пайдалану және орнын толтырудың, басым мәселелері мазмұнында қарастырылып, қойылған міндеттерді шешу үшін республикадағы алғышарттар бағаланды. Стратегия нормативті-құқықтық базаны, биологиялық қорларды пайдалану мен ЕҚТА желісін ұйымдастыру кезінде басқару және тексеру желілерін жетілдіруге бағытталған.