Желтоқсан 2015 жыл


Құрметті қазақстандықтар!



Pdf көрінісі
бет8/48
Дата08.02.2022
өлшемі10,07 Mb.
#97989
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   48
Байланысты:
Alau 12.15

Құрметті қазақстандықтар!
Осыдан екі жыл бұрын мен «Қазақстан-2050» 
Стратегиясын жарияладым. Осы уақыттың 
өзінде-ақ біз оны жүзеге асыруда, тіпті, 
жаһандық дағдарыстың теріс ықпалына 
қарамастан, орасан зор нəтижелерге қол 
жеткіздік.
Біріншіден, Давос экономикалық форумының 
Жаһандық бəсекеге қабілеттілік индексі 
көрсеткіші бойынша Қазақстан əлемде 42-ші 
орынға ие болды.
Екіншіден, бизнес үшін барынша қолайлы 
жағдайлар жасайтын елдердің əлемдік 
рейтингінде Қазақстан 41-ші позицияны 
иеленді.
Үшіншіден, бүгін, 30 қарашада Қазақстан 
Дүниежүзілік сауда ұйымының заңды түрдегі 
толыққанды мүшесі болды. Ол туралы ДСҰ-
ның Бас кеңесінің отырысында ресми түрде 
хабарланатын болады. Бұл оқиға тəуелсіз 
Қазақстанның тарихындағы маңызды кезең бо-
лып табылады. Ол біздің еліміздің толыққанды 
сауда-экономикалық əріптес ретінде мойын-
далуын айғақтайды. Қазақстанның ДСҰ-ға 
өтуі біздің экспорттаушыларымыз үшін де, 
экономикамыздың шешуші секторларына 
келетін шетелдік инвесторлар үшін де жаңа 
мүмкіндіктер ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет