Мекемені басқарушы тұлға алдына келген адамды пара беруге мәжбүрлейді. Көмек сұрап келген адамның өзі пара ұсынады.
Пара беруші субъект
Жеке адам парасы (кез келген азамат) Кәсіпкерлік пара (нақты фирмалар) Қылмыстық пара (ұйымдасқан қылмыс өкілдері, мысалы, есірткі таратушылар)
Параның түрі
Ақшалай пара; Қызмет көрсету
Пара берушінің пара беру мақсаты
Тездету үшін пара беру (пара алған адам бір істі жедел орындауы тиіс) Тежеу үшін пара беру (пара алған адам бір істің орындалуын тоқтатуы тиіс, сөйтіп өз қызметтік міндеттерін бұзады) «Жылы көзбен қарау» үшін берілетін пара (пара алған адам қызмет бабында белгілі бір тұлғаның «тырнақ астынан кір іздей бермеуі тиіс» )
Сыбайлас жемқорлықтық қарым-қатынастың орталықтандырылу дәрежесі
Орталықтандырылмаған жемқорлық (пара беруші кез- келген адам өз бетінше әрекет етеді). Орталықтандырылған сыбайлас жемқорлық «төменнен жоғары жаққа қарай» (төменгі сатыдағы шенеуніктер жинаған парасын өзара және жоғары тұрған басшылықпен бөліседі)
Сыбайлас жемқорлықтық қарым-қатынастың таратылу деңгейі
Биліктің төменгі сатысында орын алған сыбайлас жемқорлық (биліктің төменгі және ортанғы сатыларында) Биліктің жоғарғы сатысында орын алған сыбайлас жемқорлық (жоғыры қызметтегі шенеуніктер және саяси қайраткерлер) Халықаралық сыбайлас жемқорлық (шаруашылық қарым-қатынас саласында)
Сыбайлас жемқорлықтық байланыстардың жиілігі
Ауық-ауық түрдегі сыбайлас жемқорлық Жүйелі түрдегі сыбайлас жемқорлық Клептократия (биліктің ажырамас бөлігі ретіндегі сыбайлас жемқорлық )
1997 жылы 21 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының жоғарғы тәртіптік кеңесі туралы» Жарлық шығарды. Жоғарғы тәртіптік кеңестің басты мақсаты — мемлекеттік тәртіпті бекіту, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін көтеру, олардың қызмет бабын теріс пайдалануына және өкімет билігін асыра пайдалануына жол бермеу болды.
1998 жылы 2 шілдеде Қазақстан Республикасының № 267-I “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу туралы” Заңы қабылданды. (2000 жылы 28 сәуір, 2001 жылы 8 маусым, 2001 жылы 12 шілде, 2002 жылы 9 тамыз, 2003 жылы 27 қыркүйек, 2007 жылы 21 шілдедегі өзгерістер және толықтырулар енгізілді).
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1998 жылғы 30 қыркүйектегі Жолдауында былай деген «Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан онымен күрес жүргізу — жалпы ұлттық міндет». 2005 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу туралы мемлекеттік Бағдарламаны бекітті. Ал 2006 жылы ақпанда осы стратегиялық құжатты жүзеге асыру жоспары туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысы шығып, қарқынды жұмыстар жүргізілуде.
Қорыта айтқанда, Сыбайлас жемқорлықтың тамыры тереңде жатқан қауіпті әлеуметтік құбылыс. Ресей тарихындағы I Петрдің кезінде пара алғанды да, пара бергенді де жазалап, өлім жазасын тағайындағанын көреміз. Одан кейін II Екатеринаның кезінде заңға сұғанақтық жасаған адамды қатаң жазалап отырған. Тарихқа үңілсек, осындай мәліметтер арқылы сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес бұрын да болғанын, бұл мәселенің әлі күнге өзекті мәселелердің бірі болып отырғанын көреміз.
Бүгінгі таңдағы, Сыбайлас жемқорлықтың мақсаты азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді .