IV. Жағдаяттарды шешу, талдау 1.Қала ішіндегі автобустардың кейбіреулері тендер ұтып алады да, қала ішінде жолаушыларды тасымалдау барысында көптеген қателіктер жасап жатады. Мысалға автобусқа адамдарды санынан артық отырғызу, аялдамасы жоқ жерлерде тоқтап, адамдарды үсті - үстіне алу жемқорлыққа жата ма? (шофер, басқарушы директор, инженер арасындағы сыбайластық жемқорлықты көрсету)
2.Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Ерлан мен Марат біраз ақылдасады. Ерланның есіне асханада ақша майдалатқан Қайрат түседі. Сол Қайратты қорқытып, ақшасын тартып алу керектігін Маратқа айтады. Сол мезетте келе жатқан Қайратты Марат алдап шақырады. Ойында арам ойы жоқ Қайратты Ерлан келіп бас салып, ақша тауып беруін талап етеді. Алғашқыда ойын екен деп ойлаған ол ақшасының жоқ екендігін айтса да, соңынан бұл істің қалжың емес екендігін ұғып, қалтасындағы бар ақшасын бере салады. Аман - есен құтылғанына қуанған ол анасына айтатындығын ескертеді. Ерлан мен Марат егер бұл істі біреуге айтсаң, онда жақсылық болмайтындығын Қайратқа жақсылап ұғындырады. Сұрақтар:
1. Осы көріністе баланың қандай құқығы шектелген?
2. Ерлан мен Марат қандай қылмыс жасады?
3. Ерлан мен Мараттың қылмыс жасауына не себеп болды?
3.Нұрлан 5 - сыныпта оқиды. Нұрланның білім алуға деген талабы жақсы. Оқыса жақсы оқитын оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ ата - анасының тәрбиесі баланы жолдан тайдырады. Нұрланның ата - анасы бала тәрбиесіне жауапсыз қарайды. Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады, кейде тіпті апталап келмей қалатын кездері де болады. Мектепте, сыныпта ата - аналарға байланысты өтетін жиындарға да келмейді. Сынып жетекшісі осы жағдайға байланысты Нұрланның үйіне барып, ата - анасымен бірнеше рет әңгіме жүргізгенімен еш нәтиже шықпайды. Ата - анасы құрғақ уәде беріп құр шығарып салады. Бірер күн өткен соң жаңағы оқиға қайта қайталанады. Білім алу баланың басты міндеті екенін біле тұра оны орындауда әке - шешесі салғырттық танытады.
Сұрақтар:
1. Нұрланның ата - анасының қылығын қалай бағалайсыздар?
2.Сынып жетекшісінің орнында болсаңыз не істер едіңіз?
3. Ата - ананың бала алдындағы міндеттері қандай?
4.Мұғалімге мерекелерде гүл шоқтарын сыйлау жемқорлыққа жатады ма?
5. Емделіп болған науқас дәрігерге өзінің алғысын белгілі - бір сыйлықты ( гүл, сағат, портрет.....) сыйласа жемқорлыққа жатады ма?
6. Жоғарғы оқу орындарында білім алушылар, емтихан уақытында оқытушыларына үстел жасаса, бағалы сыйлық әперсе, жемқорлыққа жатады ма?
4.Алматы қаласының тұрғыны Төрекулов «Иегов куәлары» деген діни сектаға қатыса бастады. Арада біраз уақыт өткенде оған 12 жастағы ұлы Фархатты да тартты. Төрекуловтың әйелі бастапқы бұған онша мән бермесе де, бірақ күйеуі Фархатқа бірнеше сағат намаз оқытып, діни әдебиеттерді оқуға күштегенде мазасыздана бастады. Әйелінің бұл жөніндегі ренішінен тиісті нәтиже шықпады.Төрекулов бір айдан кейін мектепгі әдепсіздік пайда бермейді деген желеу етіп ұлын мектепке жібермей қойды. Баласының тағдырына алаң болған Төрекулова заңгердің көмегіне жүгінді. Сұрақтар: Әкесі Фархаттың қандай құқығын бұзып отыр? Некелік отбасылық заңда ата-аналардың өз балаларының құқықтарын бұзғаны үшін оларды жауапкершілікке тарту көзделген бе?