А.Смит және Д.Рикардо пайданы өнімнен жұмысшы еңбегі үлесін алып тастағанға тең деп есептейді.
А.Смит және Д.Рикардо пайданы өнімнен жұмысшы еңбегі үлесін алып тастағанға тең деп есептейді.
К.Маркс пайданы тек жалдамалы еңбекпен жасалған екінші, туынды және өзгертілген формадағы қосымша құн деп қарады.
Бұл категорияның анықтамасы қазіргі батыс экономистер бойынша түрлі варианттардың келісімді бірігуі болып табылады, оның ішінде негізгілері төмендегілер:
Қазіргі кездегі пайда туралы түсінік үш негізгі бағытта жасалынады: кейнсиандық, институционалды-өлеуметтік және неоклассикалық.
Қазіргі кездегі пайда туралы түсінік үш негізгі бағытта жасалынады: кейнсиандық, институционалды-өлеуметтік және неоклассикалық.
Кейнсиандықтар пайданың жиынтық тұжырымдамасын макроэкономика деңгейінде ұсынады.
Институционалды- әлеуметтік ілімде пайда әлеуметтік, сыртқы экономикалық факторлар жағынан түсіндіріледі: қоғамның барлық мүшелерінің игілігіне және т.б. қамқорлық жасау.
Неоклассикалық ілімдепайданы неғұрлым толық зерттеудің негізгі мақсаты - пайданы максималды ету және жетілген және жетілмеген бәсекелестік жағдайында әрекет ететін жеке фирмалар деңгейінде жүргізіледі.
Фирма жалпы, орташа және шектік табысты есептейді.
Фирма жалпы, орташа және шектік табысты есептейді.
Жалпы табыс барлық сатылған өнімнің түсіміне тең.
Орташа табыс сатылған өнім бірлігіне есептелінеді.
Шектік табыс косымша бірлігін сатқандағы жалпы табыстың өсуі.
Сандық жағынан пайда тауарды сатқандағы жалпы табыс пен өндіріс шығындарының арасындағы айырма.
Сандық жағынан пайда тауарды сатқандағы жалпы табыс пен өндіріс шығындарының арасындағы айырма.
Шығындар құрамына не енетініне байланысты экономистер бухгалтерлік және экономикалық пайдаларды айырады.
Бухгалтерлік пайда - бұл жалпы табыс пен ѳндірістегі бухгалтерлік шығындар арасындағы айырма.
Экономикалық пайда - бұл жалпы табыс пен экономикалық шығындар арасындағы айырма. Дәл осы экономикалық ілімді зерттеудің пәні болып табылады.
Егер, фирманың жалпы табыстары оның шығындарына тең болса, онда экономикалық пайда нѳлге тең немесе қалыпты болады.