Жер сілкінісіне байланысты зілзала апаттар



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі22,11 Kb.
#95222
1   2   3   4
Байланысты:
Жер сілкінісіне байланысты зілзала апаттар

Пайда болу тегіне қарай: Жерсілкіну жанартаулық, денудациялық және тектоникалық болып бөлінеді.
Жанартаулық жерсілкіну қазіргі жанартаулар әрекет ететін аудандарда дамыған.
Денудациялық жерсілкіну таулы аудандардағы тау жынысы массаларының шатқалдарға құлауынан, жер асты қуыстары мен карст үңгірлерінің опырылуынан және ірі жылжымалардың ықпалынан туындайды.
Тектоникалық жерсілкіну литосфераның жекелеген блоктары өзара қозғалысқа келгенде, Жер қойнауында ұзақ уақыт бойы жинақталған механикалық энергияның қысқа мерзімде шұғыл босанып шығуына байланысты болады. Мұндай жерсілкіну — Жер қыртысында ұзынынан созылған жарылымдар жасайды. Жарылым қанаттары ығыстырушы жазықтық бойынша бір-бірімен салыстырғанда, лездік жылдамдықпен ығысуына байланысты, босанып шыққан энергия серпімді тербелістер, яғни сейсмикалық толқындар түрінде жан-жаққа таралады.
Жер қойнауындағы орналасу тереңдігіне қарай:
-жер бетіне жақын (тереңдігі 10 км-ге дейін),
-орташа немесе қалыпты тереңдіктегі (10 – 60 км),
-аралық (60 – 300 км) және терең фокусты (300 км-ден терең) болып жіктеледі.
Ең көп тарағаны жақын және орташа (Ашғабадта жерсілкінудің тереңдігі 15 — 20 км, Ташкентте 5 — 10 км, Спитакта 10 — 15 км болған) тереңдіктегі жерсілкінулер. Терең фокусты жерсілкіну өте аз тараған(Қиыр Шығыста, Тынық мұхиттың жағалауындағы жерсілкінудің гипоцентрі 600 — 700 км тереңдікке жеткен). Жерсілкіну гипоцентрі теңіз бен мұхиттардың астында да орналасады. Оларды теңіз сілкінуі деп атайды. Бұл құбылыстардың нәтижесінде цунами пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет