«жерасты суларын іздеу және барлау» пәнінен Практикалық сабақтарға арналған Әдістемелік нұсқау Шымкент, 2018



бет2/36
Дата25.12.2021
өлшемі1,36 Mb.
#104893
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Кіріспе
Су корларын пайдаланудың жыл сайын өсуіне байланысты оларды ұтымды пайдалану, ластанудан қорғаудың маңызы зор.

Республикамызда соңғы жылдары қабылданған бағдарламалар бойынша, халық шаруашылығының түрлі салаларының дамып өркендеуі көзделген. Ол салалар ауыл шаруашылығы, өндіріс, құрылыс, көлік және коммуникациялар, энергетика, қоршаған ортаны қорғап сақтау және т.б. болып табылады.

Болашақ су шаруашылығының мамандары жерасты суының пайдалы қазба түріндегі басты ерекшеліктерін бағалауды, ауыз суын, техникалық, шипалы және т.б. суларды пайдалану үшін жерасты суы кен орындарының негізгі типтерін ажыратуды, жерасты суының ресурстарын жіктеуді, оның пайдалану қорын бағалау әдістерін және негізгі принциптерін және осы қорды әртүрлі әдістермен есептеуді үйреніп меңгеруі тиіс. Сондай-ақ дала жұмыстарының негізгі түрлерін сипаттауды және гидрогеологиялық зерттеулердің сатыларының жалпы жағдайларын, гидрогеологиялық зерттеулердің құрамын, және оларды жерасты суының іздеу және барлау дәрежелеріне жөніндегі Территориялық және мемлекеттік комиссияның қойылатын талаптарын білу қажет.

Осы пәнді меңгере келе білімгер тұщы жерасты суы кен орындарының әр түрлі жағдайдағы өндірістік типтерінің іздеу және барлау әдісінің ерекшеліктері және Қазақстандағы зерттелген су кен орындарының, мәліметтері бойынша олардың таралу заңдылықтарымен танысады.

Бұл мәселелерді шешетін халықтың басты қазынасы – мамандары болатыны және білікті мамандар дайындау үшін қажетті құралдар мен жабдықтардың арасында негізгісі оқулықтар және әдістемелік әдебиеттер болатыны айқын екені белгілі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет