10 прак.сабақ. Арынсыз қабаттан су тартылу құрылысының гидродинамикалық есебі
1 . Тұщы жерасты суы кен орындарының қалыптасуы
2. Әр түрлі жағдайдағы өндірістік типтерінің іздеу және барлау әдісінің ерекшеліктері.
Қазақстан тұщы судың жер астындағы мол қорына және барлау жұмыстарына қажетті ресурстарға ие. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету дүниежүзі бойынша өткір тұрған мәселе екені баршаға мәлім.
Қазақстанда да жер бетіндегі ағынды тұщы су қоры мол емес. Оның үстіне бұл судың мөлшері жыл сайын азайып келеді. Өткен ғасырдың орта кезінде еліміздегі жалпы өзен суларының орташа жылдық ағыны 120 текше шақырымнан астам болса, қазір ол 100 км3 шамасында ғана. Өйткені, бұл сулар республикаға елеулі мөлшерде трансөзендер арқылы көрші елдерден – Қытайдан, Орталық Азия республикаларынан (Қырғызстаннан, Тәжікстаннан, Өзбекстаннан) және Ресейден келеді. Сырттан келетін өзен суларының жалпы мөлшері сол жылдар аралығында климаттың өзгеруі, таулы аймақтардағы мұздықтар суының біраз кемуі және аталған елдерде жер бетіндегі суларды пайдаланудың көбеюі салдарынан 44-45 км 3 -ге дейін азайды. Оның үстіне республика жерінде де табиғи су ағыны 56 км 3 -ге дейін кеміді.
Минералды сулардың ошақтарын ашу барысында бүгiнде елiмiзде түрлi емдiк сауықтыру орындары мен санаторийлер жұмыс iстеуде. Ел аумағында минералды су шоғырланған бiрқатар ошақтарды игеру алдағы күндердiң еншiсiнде. Бүгiнде 1500-ге жуық зерттелмеген минералды су бастаулары бар. Республикада термалды су көздерi кең таралған, жылуэнергетикалық жерасты сулары артезиан бассейндерiне жинақталған.
Жер асты тұщы су ресурстарын пайдалану мөлшерін анықтау мақсатында жүргізілген арнайы барлау жұмыстары арқылы толық дәлелденген қор қазірдің өзінде 17 км 3 шамасында. Оның есепке алынған және алынбаған әр бағытта пайдаланылатын қорының жылдық мөлшері 1,5-1,7 км 3 -ден аспайды. Ол тым аз.
Қазақстандағы жерасты сулары бiркелкi орналаспаған. Жерасты суларының ең үлкен көлемi (59 пайыз) елiмiздiң оңтүстiк өңiрлерiне шоғырланған. Оңтүстiк Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында ауызсу мөлшерi жеткiлiктi деп айтуға болады және құрамы таза болып келедi. Шығыс Қазақстанда — 14 пайыз, Орталық Қазақстан, яғни Ақмола, Қарағанды облыстарында — 19 пайыз, Солтүстiк өңiрлерде: Қостанай, Солтүстiк Қазақстан және Павлодар облыстарына — 1,2 пайыз, Батыс Қазақстан: Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарына — 6 пайыздан келедi. Iшуге жарамды жерасты тұщы суларының тапшылығы Атырау, Солтүстiк-Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай және Ақмола облыстарында қатты байқалады.
2009 жылы Қазақстанда әртүрлi мақсаттарда пайдаланылатын 1282 жерасты сулары ошақтары зерттелдi. Пайдалану үшiн барлау жасалған су қорларының көлемi 42306 мың м3/тәулiктi немесе болжанған жерасты суларының 24 пайызын құрайды. Пайдалану үшiн барлау жасалған қорлардың түрлi мақсатта қолданылатынын айтқан болатынбыз, соларды тiзбектей кетсек: тұрмыстық-iшуге жарамды сумен қамтамасыз ету, өндiрiстiк-техникалық сумен жарақтау, егiстiк жерлердi суару, бальнеологиялық мақсаттарда пайдаланылады. Барлық зерттелген жерасты су қорларының 88 пайызын тұщы су көздерi құрайды. Бұл дегенiңiз, Қазақстан аумағындағы iшуге жарамды су қорларының барлығы зерттелгендiгiн бiлдiредi. Яғни, ауызсумен жарақтау мүмкiндiгi өте жоғары. Барланған жерасты су ресурстарының басым бөлiгi жердiң қабатты және топырақты, су тұтқыш бөлiктерiнде жиi кездеседi. Атап айтсақ, ағынды сулардың гидрогеологиялық бассейндерiнде, жаңа өзен арналары жазықтықтарында сақталған. Ал шөл және шөлейт аудандардағы, сондай-ақ тектоникалық бұзылу болған аймақтарда жерасты сулары аз зерттелген.
Оңтүстік Қазақстан территориясы су ресурстарының жер асты және жер үсті суларын пайдалануда ыңғайлы аймақ болып табылады. Оңтүстік Қазақстан 146 жер асты су кен орындары табылған.
Шымкент қаласын 2 жер асты су кен орны ауыз сумен қамтамасыз етеді.
1.Бадам-Сайрам кен орнының сулары 12-30м тереңдікте жатады. Жер асты сулары тұщы, минералдылығы 0,9.Сульфатты гидракарбонатты сулар болып табылады. Судың сапасы ауыз су мемлекеттің стандарттық талабына жауап береді. Су қабылдайтын ғимараты сызықтық типте орналасқан 19 скважинадан тұрады. Әр скважинаның тереңдігі 80м.Әрбір скважинаның сыйымдылығы 80л/с. Мұнда 2 су қабылдайтын ғимарат жұмыс істейді.Топырақтың сүзілу коэффициенті 25-500м/тәулік. Орташа әсер ету радиусы 540м.
2.Тассай-Ақсу жер асты су кен орны Арыс бассейнінде орналасқан.3 учаскеден тұрады.1972жылы бері жұмыс істейді. Минералдылығы 0,6г/л.25 скважинасы бар,тереңдіктері 60-80м, жүктемесі 65-85л/с.
Оңтүстік Қазақстан бойынша пайдаланатын су қоры 25млн 585мың м3/тәу. Оның ішінде ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 8млн 662мың м3/тәу. Жерлерді суландыру үшін 15млн 933000 м3/тәу.Балнеологиялық мақсаттарда 15889м3/тәу.
Бақылау сұрақтары:
1. Елiмiздiң территориясындағы тұщы сулардың негiзгi көздерi қай өңiрлерде?
2. Қазақстанда ішуге жарамды жерасты суларының деңгейi қандай?
3. Оңтүстік Қазақстанда неше жер асты су кен орындары бар?
4. Шымкент қаласын қандай жерасты су кен орындары ауыз сумен қамтамасыз етеді?
5. Тұщы жерасты суы кен орындарының әр түрлі жағдайдағы іздеу және барлау әдісі?
6. Жер бетіндегі ағынды тұщы су қорының мөлшері жыл сайын қалай өзгеруде?.
7. асты тұщы су ресурстарын пайдалану мөлшері қанша?
Достарыңызбен бөлісу: |