«жерасты суларын іздеу және барлау» пәнінен Практикалық сабақтарға арналған Әдістемелік нұсқау Шымкент, 2018



бет11/36
Дата25.12.2021
өлшемі1,36 Mb.
#104893
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36
Байланысты:
ОПИСЬ 22
Жер асты суларының ретеулі қоры — еркін (ашық) бетті жер асты сулары деңгейінің мерзімді ауытқу белдеміндегі су көлемі.

Жер асты суларының серпімді қоры — жер астындағы арынсулы қатты (горизонтты) ұңғымамен ашқанда және ондағы қысымды сутартумен төмендеткенде (немесе су жер бетіне өз бетімен шапшып төгілгенде) серпімді күштердің әсерімен судың көлемдік улғаюы мен қаттың (таужыныстың) өзінің кеуектерінің кішіреюі нәтижесінде босап шығатын жер асты суларының мөлшері.

Жер асты суларының табиғи (сыйымдылық) қоры - табиғи жағдайда таужыныстардағы гравитациялық судың текшеметрмен өлшенетін көлемі. Арынды қабаттарда оған сондай-ақ жер асты суларының серпімді қоры жатады. Серпімді қор осындай сулардың деңгейін судың өзі мен таужыныстардың серпімді қасиетгері есебінен төмендеткенде қалыптасады.

Жер асты сулары жер қыртысында, тау жыныстарында сорғу арқылы немесе сіңу жолымен қозғалады. Сорғу кезінде судың қозғалысы жарықтар мен қуыстардың бір бөлігінің  су буы немесе ауамен толтырылуы арқылы жүргізіледі (аэрация белдемі). Сіңу процесі жарықтар мен қуыстар суға түгел толған жағдайда жүреді. Бұл қозғалыстағы судың массасы сіңу ағысын туғызады.

Жер асты суларының қозғалысы қалыптасқан және қалыптаспаған, тегеурінсіз, ламинар және турбулентті болып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет