Жердің Күн жүйесіндегі орны. Жердің пішіні мен мөлшері



бет1/3
Дата20.09.2024
өлшемі21,66 Kb.
#204755
  1   2   3
Байланысты:
Жердің Күн жүйесіндегі орны


Жердің Күн жүйесіндегі орны. Жердің пішіні мен мөлшері

1.Жер — Күн жүйесінің планетасы. Жердің орбита бойымен қозғалысы


2.Жердің Күн жүйесіндегі орны және оның мәні.

Жер – Күн жүйесіндегі үшінші ғаламшар, Күн төңірегіндегі жолмен (орбитамен) айнала қозғалады. Күн жүйесіне 9 ғаламшар кіреді. Күнге ең жақын ғаламшар – Меркурий ғаламшары. Ғаламшарлар жер тобындағы ғаламшарлар және алып ғаламшарлар болып екіге бөлінеді.


Жер өз орбитасын 365 тәулік, 6 сағат 9 мин 9,6 с-та бір айналып шығады. Осы уақыт аралығын жұлдыздық жыл деп атайды. Қалған 6 сағат пен минуттарды 4 жылда бір тәулікке жинақтап, ең қысқа ай ақпанға қосады. Ақпан айы 29-на бітетін жыл «кібісе жыл» деп аталады.
Орбитаның жалпы ұзындығы – 940 млн шақырым. Жер білігі орбита кеңістігіне 66,5° бұрыш жасай орналасқандықтан, Күн сәулелері жер бетіне әркелкі таралады. Егер жер орбита кеңістігіне 45° бұрыш жасай орналасса, онда күн сәулелері Жер бетінің барлық бөлігіне бірдей тік түсуші еді.
Жердің нағыз геометриялық пішіні – геоид, яғни Жердің экваторлық радиусынан плюстік радиусының 22 шақырымға кем болуына байланысты полюстер маңында Жер үстіңгі жағынан қысыңқы болып келеді.
Ғаламшарлардың маңында айналып жүрген аспан денелері ғаламшардың табиғи серіктері деп аталады. Жердің жалғыз табиғи серігі бар. Ол – Ай. Ай мен Жердің арасындағы арақашықтық 384 мың шақырым. Ай – Жер табиғатына айтарлықтай әсер етеді.
Жер желтоқсан, қаңтар, ақпан айларында Күнге оңтүстік жарты шарымен қарайтындықтан, оңтүстік жарты шары көп қызады, ол жақта жаз, ал солтүстік жарты шарда қыс басталады.
Маусым, шілде, тамыз айларында Жер Күнге солтүстік жарты шарымен қарайды да, ғаламшардың бұл жағына жылу мен жарық молырақ түседі. Сондықтан бұл бөлікте жаз айлары басталып, оңтүстікте қыс болады.
Жердің орбитадағы Күнді айналу жылдамдығы секундына 30 шақырымды құрайды.
Егер күннің тарту күші болмағанда Жер ғаламшары осындай жылдамдықпен әлемдік ғарыш кеңістігіне самғап кетер еді.
Жер бетінің жалпы ауданы 510 млн шаршы шақырымды құрайды. Жер бетінің 71 пайызын су, 29 пайызын құрлық алып жатыр.
Күн жүйесіне 9 ірі планетадан басқа көптеген ұсақ денелер кіреді. Олар: астероидтер, құйрықты жұлдыздар және метеорлар.
Астероидтер (грекше астероид- жұлдыз тәріздес) Марс пен Юпи­тер орбиталарының аралығында Күннің төңірегін айналып жүреді. Ең ірісінің көлденеңі 800 км-ге жуық, ал кішкенелерінің көлденеңі жүздеген, ондаған метрге ғана жетеді. Астероид жай көзге байқалмайды, ал телескоппен қарағанда жұлдыздардың арасында орын ауыстырып жүретін солғын жұлдызша тәрізді көрінеді (астероид жұлдыз тәрізді деп аталуы содан).
Құйрықты жұлдыздар. Күнді өте сопак орбитаның бойымен айналады. Сондықтан олар бірде Күнге өте жақындап, енді бірде одан өте қашықтап кетеді. Соған байланысты құйрықты жұлдыздардың жолы планеталардың орбитасын кесе-көлденең қиып өтеді. Құйрықты жұлдыздың басы тозаңның, қатты кесектердің және қатып қалған газдардың қоспасынан тұратын болуы керек. Ол Күнге жакындап келгенде қатып қалған газ еріп буланады да, Күн лебімен сыртқа тебіледі. Содан өте сирек газ бен тозаңнан тұратын ұзыннан-ұзақ желбіреген құйрық сияқты шашақ пайда болады.
Метеорлар (латынша «ауада қалықтаған» деген сөз) — Жердің ауа қабатына үлкен жылдамдықпен келіп енетін ұсақ түйіршіктер (көбінесе тебен иненің жасуындай болады). Олар ауаға үйкелгенде қатты қызудан жанып кетеді де, шоқ сияқты жарқырап көрінеді. Оны халық арасында «аққан жұлдыз» дейді. Неғұрлым ірірек метеорлық денелер ауада түгел жанып үлгірмей, жерге түседі. Оны «метеорит» дейді. Метеорлық денелер ыдыраған астероидтардың, кометалардың бөлігінен пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет