Сабақ: 12 Тақырыбы: Литосфера-Жердің тас қабаты
Сабақтың мақсаты: Білімділік:Жер қыртысының қозғалу ерекшеліктерін, жер бедерінің негізгі түрлерін, өзгеруін, мұхитта, аралдар, қайраңдар, шұңғымалар: биіктік бойынша айырмашылықтары және оларды картада бейнелеу.
Дамытушылық:Оқушыларға ойландыратын сұрақтар қойылып, оларды физикалық және «Жер қыртысының құрылысы» карталарын салыстыру арқылы жер бедері пішіндерінің қалыптасу жолдары мен алып жатқан ауданына қарай топтастыру жұмысын жүргізе отырып, логикалық ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік:Жер бедері пішіндерінің алуан түрлілігі олардың табиғат жағдайларына тигізетін әсері және адамның шаруашылық әрекетінің сипатын анықтаудағы ролі туралы қызғылықты, мазмұнды баяндау арқылы пәнге қызығушылығын арттыру.