4-топ: Жұптық жұмыс.2 оқушы:Глобустан 4 мұхитты, 6 материкті табу. Қазақстан мемлекеті қай материкте орналасқанын тап, Антарктида қандай материк, неге?
ІІІ. Жаңа сабақ: Х диаграммасын шешу арқылы күн мен түннің ауысуы жайлы білім жинақтайды.
Электронды оқулықтан видео тыңдау Жер үш бағытта қозғалады. 1-өз білігінен, 2-ғарыш бойынша, 3-Күн жүйесінің бөлігі. Жер әрдайым қозғалыста болады. Ол өз білігінен айналып тұрады. Жер өз білігін бір тәулік ішінде толық айналып шығады. Жердің өз білігінен мұндай жылдамдықпен айналуының ондағы табиғат құбылыстары үшін шешуші мәні бар. Жердің өз білігінен тәулік ішінде бір айналып шығуы нәтижесінде, күн мен түн ауысып қана қоймайды, жылу мен ылғал да бүкіл жер бетіне бөліне таралып отырады.