IV. Үйге тапсырма: Марс пен Юпитерді салыстыру. (Венн диаграммасы)
Сабақ: 9 Тақырыбы: Ай-Жердің серігі
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ай мен жердің ара қашықтығы, айдың толысуы, ғарышкерлердің зерттеуі, күннің тұтылуы, айдың тұтылуы туралы оқушыларға мағлұмат беру;
Дамытушылық:Оқушылардың өз бетінше тұжырымдай білуіне бағыт беру, логикалық ойлау қабілетін арттырып, ойын еркін айтып жеткізе білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету, елін, жерін сүйетін отансүйгіш, дарынды ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: АКТ.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдіс тәсілдер: «Ыстық орындық» стратегиясы, «Рөлдік ойын» стратегиясы, эссе.
САБАҚ БАРЫСЫ: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару
Топқа бөлу. Ай, Жер, Күн сөздері бойынша 3 топқа бөлу. Әр топтың топ басшылары тағайындалады.