Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары.
1. Жаяу көкпар
2. Орамал тастау
3. Асық ойыны «Омпы»
Сабақтың мақсаты:
- оқушылардың өз денсаулығын сақтау мен нығайтуына дұрыс көзқарасын қалыптастыру, шапшаңдыққа үйрету;
- қазақтың ұлттық ойындарын құрметтеуге тәрбиелеу;
- әдемі болуға баулу, ойлау белсенділігін дамыту;
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, үйрету, қайталау, ойын.
Керекті құрал-жабдықтар: доп, асық т.б.
Түсіндіру, оқушыларды топқа бөлу
Жаяу көкпар ойыны.
Оқушылар екі топқа бөлінеді.
Көкпардың орнына доп қолданылады.
ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ: балалар көмбедегі белгіленген түзу сызықтың бойына екі топқа бөлініп қаз-қатар тұрады. Жүргізушінің белгісі бойынша көмбеден бір мезгілде бірін-бірі арқалаған екі топтан екі оқушы шығып 10 адымдай жерде жатқан көкпарды қай бұрын жеткені алып қашады. Қолында көкпары бар бала арасы бір шақырымдай екінші көмбеге бұрын жетуі тиіс. Осылайша ойын оқушылардың кезектесіп алмасуымен жалғасады. Қай топ көмбеге неғұрлым көп салым салса, сол топ жеңімпаз атанады.
Орамал тастау ойыны
Оқушылар екі топқа бөлінеді
Ойынға орамал немесе доп қолдануға болады.
ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ: екі топқа бөлінген оқушылар арасы он адымдай белгіленген екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатарға тұрады. Ойын жүргізуші қолындағы добын бірінші топтың шеткі жағындағы ойыншыға береді. Ол өзінің қарсыласына тастайды да «қа» - деп дауыстайды, ол қағып алып «ғаз» дейді. Сонда «қағаз» деген сөз шығады. Енді допты қарсыластар тобына өзі дауыстап лақтырады.
Айтылатын сөз екі буыннан ғана тұруы керек.
Допты қағып алған ойыншы сол бірінші буынның
сөзі шығатындай екінші буынын жалғастыруы керек. Егер тауып айта алмай қалса ұпай саны шегеріледі. Ойын осылайша жалғаса береді. Көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.
Омпы ойыны
Оқушылар түгел қатысады
Негізгі мақсат көп асық ұтып алу.
ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ: ойнаушылар арасы 20 адым екі көмбе сызады да көмбенің тең ортасына сызық бойына ойыншылардың әрқайсысы екі асықтан көнге тігеді. Тігілген асықтың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар бірінің артына бірі қатарға тұрады да, кезек –кезек қолдарындағы сақаларымен, он адам жердегі омпыны атып түсіруге, сөйтіп асық ұтып алуға кіріседі. Егер бір бала ортадағы тұрған омпыға бірден тигізсе, онда көндегі бар асықты сол алады, ал омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың кез келгеніне тигізсе сол тигізген асығын ғана алады. Көндегі асық таусылған сайын балалар асықты қайтадан тігіп отырады.
Қорытынды.
Достарыңызбен бөлісу: |