Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер


Психолог-ғалымдардың айтуынша



бет13/19
Дата30.01.2022
өлшемі38,96 Kb.
#130179
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
1 оку

Психолог-ғалымдардың айтуынша, бала білімді төрт түрлі жағдайда алады екен:

  1. дайын білімді қабылдап алу,

  2. зерттеу барысында жаңалық ашу,

  3. әр түрлі жағдайда әсерді сезіну

  4. синтез арқылы бұйым құрастыру немесе өнім жасау.

Интерактивті оқыту әдістері оқушыларға рольдік ойындар арқылы әр түрлі жағдайда әсерді сезінуге жол ашады, әр түрлі білімдерді синтездеу кезінде шығармашылық  өнім жасауға жағдай жасайды, дегенмен  түрлі ситуациялар мен мәліметтерді талдап, сараптап, зерттеу барысында жаңалық ашуға көбірек мүмкіндік береді.

Танымдық iскерлiктi қажеттi интеллектуалды дағдылар деңгейiне қарай жіктеуге болады. Тиiмдi оқыту бағдарламасы оқушылардың төмендегi iскерлiктерiн практикада қолдануды көздейдi, олар:

-          Фактiлердi есте сақтау (аса көп күштi қажет етпейдi);

-          Құбылыстардың мәні мен маңызын түсiну;

-          Бiлiмдердi дағдылы және жаңа жағдайларда қолдану;

-          Анализ (бiз бiр нәрсенi құрамдас бөлiктерге бөлу);

-          Синтез (идеяларды жаңа нәрсе жасау үшiн топтастыру);

-          Бағалау (бiр нәрсенiң сапасы туралы пiкiр бөлiсу).

Қоғамның дамуы  осы аталған iскерлiктердiң барлығының болуын талап етедi, дегенмен бiлiмдердi қолдану, синтездеу мен бағалау ішіндегі аса маңыздылары болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет