Жеткіншек жас психологиясы Жоспары: Жеткіншектік жасқа өтудің психологиялық алғы шарттары Жеткіншектік жастағы негізгі жаңа құрылымдар


Жеткіншектердің қарым-қатынас ерекшеліктері



бет4/6
Дата21.11.2022
өлшемі37,32 Kb.
#159086
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жеткіншек жас психологиясы

4.Жеткіншектердің қарым-қатынас ерекшеліктері.
Бұл жас кезеңде қарым – қатынастардың жаңа типінің қалыптасуы басталады. Жеткіншектің жаңа құқықтырға ие болмақ тілегі ең алдымен ересектермен қарым – қатынастың бүкіл саласын қамтиды. Жеткіншек бұрын ынталана орындайтын талаптарға қарсыласа бастайды; өзінің дербестігін тежегенге және жалпы алғанда «кішкентай бала секілді» қамқорлық жасап, бағып – қаққанға, бақылағанға, тіл алуды талап етіп, жазалағанға, оның мүдделерімен, көзқарасымен, пікірімен санаспағанға, т.б. ренжіп, қарсылық көрсетеді. Ересектермен қарым – қатынастың балалық кезде болған типі жеткіншек үшін енді қолайсыз, оның өзінің ересектік дәрежесі туралы түсінігіне сәйкес келмейтін болады. Ол ересектердің праволарын шектейді де, өз праволарын ұлғайтады, өзінің жеке басы мен адамдық қадір – қасиетін құрметтейді, сенім білдіріп, дербестік берілуін, яғни өз құқықтарын талап етіп, ересектерге мұны мойындаттарыруға тырысады. Жеткіншектің қарсылығы мен бағынбауының әр түрлі формалары - ересектермен қарым – қатынастардың бұрынғы типін жаңа қарым – қатынастың жаңа типіне өзгерту амалы. Жеткіншектің ересектігі сезімінің және төңірегіндегілердің оны мойындауын қажетсінуінің пайда болуы ересек пен жеткіншектің бір – бірімен қарым – қатынастарындағы жаңа мәселелерді туғызады.
Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы нақ осы уақытта ересек адам мен баланың қарым-қатынасының балалық шаққа тән типінен ересек адамдардың қарым-қатынасына тән, саналық тұрғыдан жаңа типіне өту жүзеге асады. Бұл өту жеткіншек пен ересектің әлеуметтік өзара іс-әрекетінің жаңа тәсілдерін қалыптасу процесі ретінде болады. Ескі тәсілдерді жаңалары біртіндеп ығыстырады, бірақ олар қатарласып та жүреді. Мұның өзі ересектерге де, жеткіншекке де көп қиындық келтіреді. Ересектермен қарым-қатынастың жаңа нормалары — жеткіншектік қалыптасып келе жаткан этикалық дүниетанымының маңызды мазмұны.
Егер ересектің өзі инициатива білдірсе немесе жеткіншектік талаптарын ескеріп, оған деген қарым-қатынасын қайта құрса, қарым-қатынастардың жаңа типіне өтудің сәтті формасы болуы мүмкін. Мұның шарты ересек адамның жеткіншекке әлі бала деп қарамауы болмақ. Алайда бірқатар мәнді жағдайлар бұрынғы қарым-қатынастардың сақталуына қолайлы болады, атап айтқанда, бұл жағдайлар мыналар: 1) жеткіншектің қоғамдағы жағдайының өзгермеуі; ол мектеп оқушысы болған қалпында қала бермек; 2) оның материалдық жағынан ата-анасына толық тәуелділігі, ата-анасы мұғалімдермен қатар тәрбиешілер ролін атқарады; 3) ересек адамның баланы бағыттап және тексеріп отыру, бақылау әдеті (қажеттігін үғынған күнде де, бұл дағдыны бұзу қиын); 4) әсіресе бастапқыда жеткіншектің бет-әлпеті мен мінез-құлқында балалық белгілердің сақталып, оның өздігінен іс-әрекет жасай алмайтындығы.
Осының бәрі ересек адамға жеткіншекті бағынуға, тіл алуға тиісті баладай қарауға мүмкіндік береді және жеткіншектің құқықтары мен дербестігін ұлғайту қажет емес әрі жөнсіз дегенді ақтайды. Алайда ересек адамның мұндай көзқарасы жеткіншектің талаптарына қарсы келіп қана қоймайды, балалықтан ересектікке өтетін осы шақта балаларды тәрбиелеу міндетіне де қарсы келеді. Жеткіншектік әлеуметтік есеюін дамыту болашақ өмірге даярлау үшін қоғамдық тұрғыдан қажет. Мұның өзі күрделі процесс, уақытты талап етеді және жеткіншек ересектерге арналған нормалар мен талаптар жүйесінде өмір сүре бастаса мүмкін болады. Ал бұл дербестікті қажетті әрі міндетті түрде арттырумен байланысты. Тек осындай жағдайда ғана жеткіншек ересектерше іс-әрекет етуге, ойлауға, алуан түрлі міндеттерді орындауға, адамдармен қарым-қатынас жасауға үйрене алады. Нақ осы себептен де жеткіншекті тәрбиелеу міндеті ересектермен қарым-қатынастардың бұрынғы типін жаңамен ауыстыруды талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет