4-2-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұқаралық
ақпарат құралдары саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын
әзiрлейдi және олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi;
2)
Қазақстан
Республикасында
таратылатын
шетелдiк
мерзiмдi
баспасөз
басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды;
3)
алып тасталды - ҚР 2012.01.18 N 546-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
4) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан
Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Ескерту. 4-2-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.18 N 546-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.