26-бап. Шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi тарату
үшiн жауапкершiлiктен босатылатын реттер
Бұқаралық ақпарат құралында шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi таратқаны
үшiн:
1) егер бұл мәлiметтер ресми хабарлар мен құжаттарда айтылған болса;
2) егер олар жарнама және ақпарат агенттiктерiнен немесе мемлекеттiк органдардың
баспасөз қызметiнен алынса;
3) егер олар өкiлдi органдар депутаттарының, мемлекеттiк органдардың,
ұйымдардың лауазымды адамдарының және азаматтардың ресми сөйлеген сөздерiнiң сөзбе-
сөз қайталанып берiлуi болса;
4) егер олар алдын ала жазылып алынбай эфирге шығарылатын авторлық сөздерде
не осы Заңға сәйкес редакциялауға жатпайтын мәтiндерде айтылса;
5) егер бұл мәлiметтер осы Заңның 18-бабына сәйкес мiндеттi хабарларда айтылса,
бас
редактор
(редактор),
сондай-ақ
журналист
жауапты
болмайды.
Ескерту. 26-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.05.03 N 181
Заңымен.