Ә. Клиенттермен және қызметкерлермен қарым-қатынастар
1. IPRA–ның әрбір мүшесінің негізгі парызы-бұрынғы немесе қазіргі
клиенттермен
және
қызметкерлермен
адал
қарым-қатынас
ұстану.
2. IPRA мүшесі барлық мүдделі жақтардың келісімінсіз жанжалдасушы немесе
бәсекелесуші
тараптардың
бірінің
мүдделерін
білдірмеуге
тиіс.
3. IPRA мүшесі бұрынғы немесе қазіргі клиенттер мен қызметкерлер сеніп хабарлаған
жасырын
ақпаратты
құпияда
ұстауға
міндетті.
4. IPRA мүшесі IPRA-ның өзге мүшесі клиенттерінің немесее жұмыс берушілерінің
абырой-беделіне
нұқсан
келтіретін
әдістерді
қолданбауға
тиіс.
5. Клиент немесе жұмыс беруші үшін өз міндеттемелерін орындау кезінде IPRA
мүшесі клиенттен немесе жұмыс берушіден басқа тұлғалардан көрсетілетін қызмет
үшін қаламақы, комиссия немесе басқа да бағалы сыйақы түрлерін өз клиентінің
немесе жұмыс берушісінің барлық жағдайды толық анықтағаннан кейін берілген
келісімінсіз
алмауға
тиіс.
6. IPRA мүшесі ықтимал клиентке немесе жұмыс берушіге өзінің қаламақысы немесе
басқа да өтемақысы белгілі бір нәтижелерге жетуге қатысты болатыны туралы
ұсыныс жасамауға тиіс; ол осы мақсатпен қандай да бір келісімге түспеуге тиіс.