Жетпісбай бекболатұЛЫ



Pdf көрінісі
бет41/86
Дата25.01.2022
өлшемі0,95 Mb.
#114026
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   86
Байланысты:
ПособиеПрессСлужба2019 Бекболатулы

 
1-тарау. Жалпы ережелер 
 
      
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 
 
      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
 
1)  аккредиттеу  -  журналистi  тағайындау  рәсiмi  және  оның  өкiлеттiгiн  мемлекеттiк 
органның, қоғамдық бiрлестiктiң және ұйымның тануы; 
2)  бас  редактор  (редактор)  –  бұқаралық  ақпарат  құралының  редакциясын  басқаратын 
және оны шығару мен таратуға, эфирге шығаруға тиiсiнше өкiлеттiгi бар жеке тұлға; 
3) бұқаралық ақпарат – тұлғалардың шектеусiз топтарына арналған баспа, дыбыс-бейне 
және өзге де хабарлары мен материалдары; 
4)  бұқаралық  ақпарат  құралы  –  мерзiмдi  баспасөз  басылымы,  теле-,  радиоарна, 
киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық 
ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз бұқаралық таратудың басқа да нысаны; 
5)  бұқаралық  ақпарат  құралының  өнiмi  –  мерзiмдi  баспасөз  басылымының  жеке 
нөмiрiнiң немесе дыбыс-бейне бағдарламасының таралымы немесе таралымының бiр бөлiгi, 
радио-,  теле-,  кинохроникалық  бағдарламалардың  жеке  шығарылымы,  интернет-ресурста 
орналастырылған ақпарат; 
6)  бұқаралық  ақпарат  құралдары  саласындағы  уәкiлеттi  орган  –  бұқаралық  ақпарат 
құралдары саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган (бұдан әрi - 
уәкiлеттi орган); 
7) бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн тарату – мерзiмдi баспасөз басылымдарын сату 
(жазылу, жеткiзу, үлестiру), радио-, телебағдарламаларды эфирге шығару, кинохроникалық 
бағдарламаларды көрсету және интернет-ресурстарда ақпаратты орналастыру; 
8)  бұқаралық  ақпарат  құралының  редакциясы  –  бұқаралық  ақпарат  құралына 
материалдар жинауды, дайындауды және шығаруды жүзеге асыратын жеке тұлға не заңды 
тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын шығармашылық ұжым; 
9) журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкiлi) – еңбек қатынастары немесе өзге де 
шарттық  қатынастар  негiзiнде  бұқаралық  ақпарат  құралы  үшiн  хабарламалар  мен 
материалдар  жинау,  оларды  өңдеу  және  әзiрлеу  жөнiндегi  қызметтi  жүзеге  асыратын  жеке 
тұлға; 
10)  кешен  –  бiр  бiрiмен  ортақ  мақсаттарымен  байланысты  және  бiрыңғай  құрылым 
құрайтын ғимараттар жиынтығы; 
11) мерзiмдi баспасөз басылымы – тұрақты атауы, ағымдағы нөмiрi бар және кемiнде үш 
айда бiр рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы; 
12) порнографиялық және арнайы жыныстық-эротикалық сипаттағы кино, бейнеөнiм  – 
моральдық  құндылықтарға  сәйкес  келмейтiн,  адамның  ар-ожданы  мен  қадiр-қасиетiн 
қорлайтын  жыныстық  қатынасты  натуралды  түрде,  егжей-тегжейлi  фиксациялау  не 
жыныстық  әуестiктiң  қозуына  немесе  жыныстық  қажеттiлiктердi  қанағаттандыруға  ықпал 
ететiн жыныстық қатынас процесiндегi жалаңаш гениталийлердi көрсету; 
13)  ресми  хабар  -  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  одан  әрi  тарату  мақсатымен 
мемлекеттiк органдар беретiн ақпарат; 
1)  стационарлық  үй-жайлар  -  iргетасы  бар,  олардың  тiреу  конструкциясына  нұқсан 
келтiрмей  оларды  орнынан  ауыстыру  мүмкiн  болмайтын  күрделi  ғимараттар,  құрылыстар 
немесе олардың бiр бөлiгi; 


14)  суицидтi  насихаттайтын  ақпарат  –  адамды  өз  өмiрiнен  әдейiлеп  айырылуға 
итермелейтiн ақпарат; 
15)  таратушы  –  меншiк  иесiмен,  баспагермен  шарт  бойынша  немесе  өзге  де  заңды 
негiздерде  бұқаралық  ақпарат  құралының  өнiмiн  таратуды  жүзеге  асыратын  жеке  немесе 
заңды тұлға; 
16)  теле-,  радиоарна  –  кейiннен  трансляциялау  және  (немесе)  ретрансляциялау  үшiн 
хабар тарату торына сәйкес қалыптастырылған теле-, радиобағдарламалар мен дыбыс-бейне 
туындыларының, сюжеттер мен материалдардың жиынтығын бiлдiретiн бұқаралық ақпарат 
құралы; 
17)  теле-,  радио,  кинохроникалық  бағдарлама  –  тиiстi  атауы,  хабар  тарату  көлемi  бар 
және  теле-,  радиоарнаның  басқа  бөлiктерiне  қарамастан  пайдаланылуы  мүмкiн  теле-, 
радиоарнаның мазмұнды аяқталған бөлiгi; 
18)  цензура  –  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  хабарламаларын  және  материалдарын 
мемлекеттiк органдармен, лауазымды адамдармен және өзге де ұйымдармен олардың талап 
ету бойынша немесе өзге де негiздер бойынша хабарламалар мен материалдарды не олардың 
жекелеген  бөлiктерiн  таратуды  шектеу  немесе  оларға  тыйым  салу  мақсатымен  алдын  ала 
келiсу; 
19) эфирге шығу – ұқсас және цифрлық электромагниттi жүйелердi пайдалана отырып, 
теле-, радиобағдарламаларды, дыбыс-бейне жазбаларды тарату; 
20)  эротикалық  сипаттағы  өнiм  –  гениталийлердi  қоспағанда,  адамдардың  жыныстық 
қатынастарын,  адам  денесiнiң  ұятты  тұстарын  көрсететiн  және  порнография  элементтерiн 
қамтымайтын 
баспасөз 
басылымы 
немесе 
теле-, 
радиобағдарлама. 
       Ескерту.  1-бап  жаңа  редакцияда  -  ҚР  2012.01.18 
N  546-IV
  (алғашқы  ресми 
жарияланғанынан  кейiн  күнтiзбелiк  отыз  күн  өткен  соң  қолданысқа  енгiзiледi)  Заңымен, 
өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.10 
N 36-V
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк 
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет