4-4-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының
құзыретi
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы
органдары:
1) өңiрлiк бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттiк ақпараттық саясатты iске
асырады;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын
шетелдiк баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асырады;
3)
алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өңiрлiк деңгейде
мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк тапсырысты
қалыптастырады, орналастырады және оның жүзеге асырылуын бақылайды;
5) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан
Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
6) уәкiлеттi органға шетелдiк баспасөз басылымдарын есепке алу жөнiндегi ақпаратты,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау жөнiндегi мәлiметтердi табыс
етедi.
7) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының
заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге
асырады.
Ескерту. 4-4-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.03.19 № 258-IV
, 2011.07.05 N 452-IV
(2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.18 N 546-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.