Жұртшылықпен байланыс саласында қызмет көрсететін маман немесе оператордың
қызметі қоғамдық игіліктен туындауға тиісті және жеке тұлғаның заңды мүдделеріне,
намысына, абырой-беделіне нұқсан келтірмеуге тиіс.
1.2. Шыншылдық
Жұртшылықпен байланыс жөніндегі маманның немесе оператордың практикалық
қызметі беріліп отырған ақпараттың дәлдік, шыншылдық және адалдық қағидаттарын
мүлтіксіз сақтауға құрылуға тиіс. Маман немесе нарық операторы қоғамдық пікірді
алдамауға, жалған немесе бұрмаланған деректерді пайдаланбауға, үшінші бір тараптарға
нұқсан келтіретін ақпаратты таратпауға, немесе осыған әкеліп соғатын жұмыс түрлері мен
әдістерін қолданбауға тиіс.