Практикалық жұмыс 2
«БЕТТЕРДІҢ ОРНАЛАСУ АУЫТҚУЛАРЫ. СЫЗБАЛАРДЫ ОҚУ»
Мақсаты:
Тетік сызбасында орналасу және пішін ауытқуларына талап
қоюды, сызбаға техникалық талаптарды қоюды үйрену
Тапсырма:
А4 бетіне бөлшек сызбасын орындау
Қысқаша теориялық мәлімет:
Беттердің орналасу және пішін
ауытқуларына шақтама сол беттерге дәлдік талап етілген жағдайда
тағайындалады. Және барлық жағдайда пішін шақтамасы бөлшек
өлшемінің шақтамасынан кіші етіп тағайындалады. Сызбаларда орналасу
және пішін ауытқуларын белгілеу СТ СЭВ 368-76 ЕСКД берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |