Жігіт өзі сөйлескісі келіп, іздегісі келіп, бар ынтасымен қалап
өзі хабарласқанын қалайсыз ба? Сіз ренжісеңіз де,
ренжімесеңіз де, сіздің қолыңыз бос па , бос емес па бәрібір
жай ғана өзі іздеп хабарласқанын қалайсыз ба? Оған ренжіп
ұрысып, айғайлап, "неге мені іздемейсің онда айырылысайық,
не қарым-қатынас бұл, бірде барсың, бірде жоқсың" деген
сөзден кейін ғана ол сізге хабарласып, жазып тұрады. Біраз
уақыттан кейін қайтадан басталады, ол жоғалып кетеді.
Сіздерге бұл жағымды ма?
Әйел адам еркектің хабарласуын, іздеуін, көңіл бөлуін
күштеп, мәжбүрлеп сұрап алып жатқан сияқты. Қарым-
қатынас деген ондай нәрсе емес. Білесіз бе, махаббат, қыз бен
жігіттің арасындағы қарым-қатынас деген не? Ол - бостандық,
өз еркімен сізді қалауы, сізді іздеуі. Біреудің ұрысқаны арқылы
емес, сіздің оған жалынғаныңыз үшін емес, сіздің оған айтқан
сөздеріңізден кейін іздегені емес. Жай ғана өз еркімен іздегісі
келеді. Қарым-қатынас деген сондай болуы керек. Тіпті
ұрсысып қалсаңыздар да солай іздеуі керек. Ешқашан оны
мәжбүрлеп іздеуіне ондай қарым-қатынасқа келіспеңіздер. Ол
махаббат емес. Іздегісі келмесе демек, ол сағынған жоқ, демек,
сіз жігітке қызық емессіз. Демек сіз жігітті соншалықты қатты
қызықтыра алмадыңыз. Өз еркімен іздемесе, демек ұмытып
кетеді. Демек сізден де қызығырақ оның жұмыстары бар,
достары бар,хабарласатын адамдары бар. Сізден де
маңыздырақ өмірінде бірнәрсе бар.
Қазір оны мәжбүрлеп жатқан шығарсыз. Бірақ үйленгеннен
кейін өмір бойы осылай болады деп ойламайсыз ба? Өмір бойы
осы адамның артынан жалынып жүргіңіз келеді ма?
Некеге дейін...
99
Достарыңызбен бөлісу: