Қалыпты әйел деген қандай әйел?
Қалыпты әйел ең біріншіден, өз принциптерін ұстанатын әйел.
Яғни басқа адам үшін өз принциптерін сындырмайды. Бүтін,
қалыпты деген ол сіздің өмірлік стандарттарыңыз,
құндылықтарыңыз, принциптеріңіз, өмірлік өзіңіздің жеке
ұстанатын ережелеріңіз ретінде қабылданады. Сол ережеге сай
сіз қоршаған ортамен байланыста боласыз. Қалыпты әйел
өзінің принциптерінен бас тартпайды.
Әйел адамның өзінің құндылықтары бар ғой, өмірлік,
отбасылық, мысалы, ер адам міндетті түрде жұмыс істеуі
керек, міндетті түрде әйел адамды киіммен, тамақпен,
сыйлықтармен барлық материалдық жағдайын қамтамасыз ету
керек деген секілді. Бірақ сөйлесіп жүрген жігіті "Әйел адам да
жұмыс істеуі керек, өз-өзін қамтамасыз ете алуы керек,
күйеуінен қайта-қайта әр нәрсеге ақша сұрау дұрыс емес, әйел
адам өзіне-өзі ақша таба білуі керек" деп айтуы мүмкін. Егер
әйел адам өзінің принциптеріне қатаң ұстаныммен қарайтын
болса, онда ол жігітке бірден "сау бол" дейді. "Ренжіме, мен
сенімен бірге бола алмаймын, себебі біздің құндылықтарымыз,
көзқарастарымыз әртүрлі".
Немесе әйел адамның принципі бойынша керісінше "үйде
отырмаймын, менің жұмыс істеуім керек, бизнесім болуы
керек" деп ойлайды. Бірақ сөйлесіп жүрген жігіті тым қатал,
"ешкіммен сөйлеспеу керек, ешқайда шықпау керек,
телефонын тексеріп отыруым керек" деп әр қадамын тексеріп,
бақылап отырады. Сол кезде ол өзінің принципінен бас тартпау
керек. Себебі ол қалыпты, біртұтас, бүтін әйел, жеке тұлға.
Ал жігіт өзінің принциптерінен бас тарта алады. Себебі ол
әйелді көндіргісі келіп тұр. Қараңызшы, үйленгенге дейін жігіт
"сен жұмыс істейсің" деп айтады. Ал үйленгеннен кейін
сөзінде тұрмайды. Бұл жерде сіздің жеке интуицияңыз болу
керек. Себебі еркектің сөзі мен әрекеті екі түрлі бола алады.
Егер әрекеті мүлдем сөзіне сәйкес келіп тұрмаса сізге ойлану
керек, бас тартасыз немесе көнесіз. Ал қалыпты, біртұтас, жеке
тұлға әйел ешқашан өз принциптерінен бас тартпайды.
Әйелдің
Некеге дейін...
29
Достарыңызбен бөлісу: