Жігіттен аты аталған төбе артық Ақ сер



Дата06.03.2023
өлшемі14,52 Kb.
#171281
Байланысты:
Мақал-мәтелдер жігіттер сайысына


Аты аталмаған жігіттен аты аталған төбе артық
Ақ серке қой бастайды,
Ақын жігіт той бастайды
Емен ағаштың иілгені — сынғаны,
Ер жігіттің екі сөйлегені — өлгені
Жаман болатын жігіт шегіншек келер,
Кедей болатын жігіт еріншек келер
Жібек мінезді жігіт жұртқа жағады,
Жылан мінезді жігіт жұртта қалады
Жігіт жақсысын "сұлтан" дейді,
Ит жақсысын "сырттан" дейді
Жігіт жанған шоқ болсын,
шоқ болмаса — жоқ болсын
Жігіт жолдасынан белгілі,
Сарбаз қолбасынан белгілі
Жігітте де жігіт бар азаматы бір бөлек.
Жылқыда да жылқы бар, қазанаты бір бөлек
Жігіттің бір басы екеу болмай,
жиғаны жетеу болмайды
Ақсұңқар ұшар жем үшін,
Ер жігіт туар елі үшін
Ер салмағын ел көтереді,
Ел салмағын жер көтереді
Ер-тоқымы жаман деп ерді мазақ қылмаңыз.
Еккен егін жаман деп жерді мазақ кылмаңыз
Ақылды жігіт атқа да мінер, таққа да мінер.
Ел малсыз болмас,
Жігіт жарсыз болмас

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет