а,в е N / а+в = п /А ∪В/ мұндағы п /А/ =а, п/В/= в Екі қосылғыштың қосындысын анықтау бірнеше қосылғыштардың қосындысын анықтауға да мүмкіндік береді, мысалы, а+а+а+а = (/а+а/+а)+а Теорема. Теріс емес бүтін а жəне в сандарының қосындысы қиылыспайтын А жəне В жиындарды таңдап алу ретінде тəуелді емес жəне ол əрқашан бар, əрі жалғыз болады. Дəлелдеу келтіріледі :Жиындардың бірігу операциясының ауыстырымдылығы жəне терімділігінен теріс емес бүтін сандарды қосудың оларға ұқсас заңдары шығады. Қосудың ауыстырымдылығы жəне терімділігі зағдары қосылғыштардың кез-келген саны үшін де орындалады. Қосудың бізге белгілі екі заңы бар. Олар: 1) коммутативті (орын ауыстырымдылық), 2) ассоциативті (терімділік). Кез келген теріс емес бүтін а және b сандары үшін а+b = b+а теңдігі орындалады. Қосудың коммутативтік және ассоциативтік заңдары қосылғыштардың кез келген саны үшін орындалады.Мысал: қосудың заңдарын пайдаланып 109+36+191+ +64+27 өрнегінің мәнін есептейік: