Модуль 1 Жиын ұғымы.Жиын элементтері, бос жиын.Шекті және шексіз жиындар.Тең жиындар және ішкі жиын.Универсал жиын.
Жиын ұғымы-математиканың негізінде жатқан жалпы ұғымдардың бірі. Сондықтан жиын ұғымының дәл анықтамасын беру мүмкін емес. Біз жиын деп нені түсінетінімізді ғана айта аламыз. Әдетте жиын ретінде әртүрлі объектілердің алдын ала берілген ерекшеліктері бойынша топтастырылуын айтамыз.Жиындарды үлкен латын әріптері арқылы белгілейміз: A,B,C,X,I,Z және т.б. Жиынды қүрайтын объектілер осы жиынның элементтері деп аталады.