Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 10-сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт) Нұр-Сұлтан қ., 2019 Құрметті мұғалім!
osh sor kazahskiy-jazyk emn 10-klass kaz
31
Білім алушының аты-жөні ________________________________________________
32
Сәулет салтанат құрғанда Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ел экономикасы өсуін тоқтатып, әлеуметтің барлық саласында тоқырау болғаны есімізде. Әсіресе, құрылыс нарығына оңай тимеді. Қала мен далада, ауыл мен ауданда, зауыт пен фабрикада, не керек адам аяғы басқан жердің бәрінде құрылыс тоқтады. Құрылысшылар күн көріспен базар жағаласа, архитекторлар шетел асып жатты. Іргетасы қаланып, кірпіші енді өріле бастаған ғимараттар «сақалды құрылысқа» айналды. Қала кейпінің өңі кетіп, қаңыраған ғимараттар қалыпты күйде қабылданды. Жұрт барды сақтауға талпынған кез еді… Дәл сол уақытта, айналдырған 25 жыл ішінде, біз Астанадай алып шаһарды тұрғызамыз деп ойламадық. Алматының кең көшелерінде жол айрықтары бірінен соң бірі ашылатынын сезбедік. Шымкент, Ақтау секілді облыс орталықтары жаңаша түлейтінін білмедік. Қытаймен шекаралас аймақта Нұркент қалашығы бой көтеретіні де үш ұйықтасақ түсімізге кірмеген. Мұның бәріне жету сондай қиын болып көрінетін. Біз теледидардан Дубай мен Нью-Йорктің көкпен таласқан ғимараттарына сырттай сүйсініп қана отырамыз деп ойладық. Осындайда ойлағанымыздың орындалмағанына қуанасың. Бүгінде қазақ сахарасы әлемнің үздік архитекторларымен қатар, отандық сәулет өнері хас шеберлерінің ойдағысын орындайтын құт мекенге айналды. Кәсіби құрылысшылар сұранысқа ие. Сарыарқа төрінде ХХІ ғасырдың ең сұлу шаһары – Астана, ертегідегідей ғажап шаһарға айналып, жыл санап емес, ай, тіпті күн санап өсіп келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тамаша идеясын жүзеге асыруға Кисе Куросава, Норман Фостер бастаған заманауи архитекторлар Ұлы далаға ат басын бұруда. Олардың қаламынан сызылған эскиздер қағаз жүзінен емес, қала жүзінен көрініс тапты. Отандық архитекторлар да бай тарихымызды паш ететін, ұлттық нақыштағы әсем ғимараттар мен ескерткіштерді көз алдымызға алып келді. Ақмырза Рүстембеков, Сағындық Жанболатов, Шохан Матайбеков бастаған бір топ архитекторлар сіз бен біздің ойда жүрген бар арманымызды, сан қатпарлы қиялымыздағы бейнені қыруар еңбекпен жүзеге асырды. Осы алмағайып 27 жыл ішінде Азиада мен Универсиадаға арналған әлемдік деңгейдегі спорт кешендері бой көтерді. «ЭКСПО – 2017» қалашығы құрылыс технологиясының жаңа стандарттарымен салынды. Еліміздің батыс аймағында – Ақтау, Атырау, Орал және Ақтөбеде кең көлемді құрылыс 33 жұмыстары жүргізілуде. Әсіресе, тұрғын үй секторы қарқын алған. Жақын арада Ақтөбеде француз және ағылшын кварталдары пайда болады. Одан бөлек, француздық Ibis қонақүй желісінің құрылысы жүргізіледі. Ақтауда Green Plaza тұрғын үй кешені әсемдігі мен асқақтығы тұрғысынан талайдың таңдайын қақтырды. Елдің солтүстігі мен шығысында да таң-тамаша ғимараттар салынуда. Бурабай демалыс аймағында тұғырдан секіру кешені келер жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Семейде құрылысы басталғалы тұрған Абай арена Ертіс бойындағы ең сұлу кешен болатыны сөзсіз. Елдің үшінші шаһары атанып жүрген Шымкент қаласында құрылыс қарқын алуда. Алдағы уақытта қаланың солтүстік батыс бөлігінде «Шымкент сити» шағын ауданы бой көтереді. жақында хай тек стиліндегі Forte bank кеңсесі құрылысын аяқтады. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Бейсенбай Тәжібаевтың айтуы бойынша, биыл жолайрығының құрылысы басталады екен. Асқар БЕК Мақала жанрына тән терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, жаңа қолданыстағы сөздерді теріп жазыңыз.
Бұл терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды автор не үшін қолданды? ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ 34
35
Білім алушының аты-жөні ________________________________________________
36
Астана – сәулет өнерінің жаңа тынысы 1997 жылдың желтоқсанында астанасы көшіру тәуелсіз Қазақстанның жай ғана саяси акті емес, сонымен қатар қала сәулетінің дамуындағы кезекті айналым болды. 2018 жыл – астананың 20 жылдық мерейтойымен барлық қазақстандықтар үшін айтулы. NDH интернет-порталы қаламыздың қалай өскенін, сәулетінің қалай өзгергендігін, тұрғындарының қалай өзгергендігін көрсетуді шешті. Шынына келгенде, 90 жылдардың ортасында Ақмола шағын ғана, тыныш провинциалды қала болғанын мойындау керек. Монументалды құрылыстардың қатарына қаланың Орталық алаңын көріктендіріп тұрған Ленин ескерткішін, оның жанындағы саябақта Кеңес үкіметін құру жолында қаза болған большевиктерге арналған стеланы және қаланың кіре берісінде қонақтарды қарсы алып тұрған «К-700» айтуға болады. Бұл Ақмола үшін жеткілікті болғанымен, сұлулықты талап ететін болашақ астана үшін жеткіліксіз еді. 20 жыл бұрын әлемнің үздік сәулетшілері өздерінің шығармашылық қиялдарын іске асыруға мүмкіндік алу үшін тартысқа түсті. Отандық сәулетшілердің қолынан бірқатар бірегей туындылар шықты. Солардың бірі – Владимир Александрович Лаптев. Владимир Лаптев – Целиноград ауылшаруашылық институтының түлегі, Целиноград қаласының бас сәулетшісі, 1995-2000 жылдары Астананың бас сәулетшісі лауазымын атқарды. Ол Астанадағы Қаржы министрлігі, қалалық әкімдік, «Қазақстан» спорт сарайы, «Солтүстік тәжі» ТК, «Арман» ТК, коньки тебу стадионы және тағы басқа белгілі ғимарат жобаларының авторы. Әңгімелегеннен сурет салуды оңай көретін адамдар бар. Бұлар – сәулетшілер, олар туралы дәл осылай айтады. Белгілі сәулетші В.Лаптев солардың қатарынан. Астана туралы Владимир Лаптев былайша еске алады: – Біздің буынның Астана салу сияқты ауқымды жобаға қатысу жағынан жолы болды. Бұл үшін мен тағдырыма, мамандығыма, ең бастысы бәріміз үшін маңызды шешім қабылдаған Мемлекет басшысына ризамын. Астананы көшіргеннен кейін 20 жыл өткен соң, біз, сәулетшілер, мақтан тұтуға лайықты осы жылдары салынған ғимараттар емес, қала тұрғындарының, ел халқының көңіл-күйі қаламыздың негізгі жетістігі деп санаймын. Бұл барлық азаматтар қатысатын үдеріске деген мақтаныш. Бұл тіпті мақтаныштан да артық деп айтуға болады. Бұл: «Біздің қолымыздан келеді!» - деген ішкі қуаныш. Демек біздің 37
Бұл қалада біздің буын сәулетшілеріне де, келесі буын сәулетшілеріне жұмыс жеткілікті. Егер астана туралы айтар болсақ, алғашқы жылдары тілшілер: «Астананы қашан саласыздар?» деген сұрақты жиі қоятын. Бұл ретте бәрі де екі жылдан соң, әрі кетсе бес жылдан соң деген сияқты нақты жауап болу керек деп ұғынатын. Сол кезде мен: «Біздің астанамызды Париж, Лондон, басқа да қала-астаналармен салыстыру үшін 100, 200 немесе тіпті 300 жыл өтуі керек», - дедім. 100 немесе 200 жылдан соң, Парижде қаланың бас сәулетшісіне журналистер: «Сіздер қашан Астананың деңгейіне жетесіздер?», - деп сұрауы мүмкін деп санайды Владимир Лаптев. Арман СҮЛЕЙМЕНОВ Мақаланың құрылымы мен рәсімделуін анықтаңыз. Кіріспе (негізгі ойға қысқаша тоқталу) Негізгі бөлім Қорытынды (негізгі ойды қорытындылау) Мақаланың түрлеріне анықтама беріңіз.
Насихаттық мақала Публицистика- лық мақала «Астана – сәулет өнерінің жаңа тынысы» мәтіні қандай жанрда жазылған? Дәлелдеңіз. ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ 38 «Астана – сәулет өнерінің жаңа тынысы» мәтінінің негізгі ойын сақтай отырып, ықшамдап жазыңыз. ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ 39
40
Білім алушының аты-жөні ________________________________________________
41 жүктеу/скачать 2,22 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |