Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма
Берілген диаграммадағы ақпаратты қолданып, әңгіме құрастырыңыз.
2-тапсырма
Берілген күрделі сөздерді дұрыс жазып, түрлерін ажыратыңыз.
Кербез сұлу, ағайын туысқан, бүгін, ТМД, қараторы, ұл қыз, бел-беу, киім кешек, см, таң ертең, ҚазМҰУ, пед-колледж, қолөнер, Ақан сері, күнде күнде, құлақ-салды, білезік, ауыл-аймақ, нұрлы жол, АҚШ.
Сөз тіркесі
|
Қос сөздер
|
Біріккен сөздер
|
Қысқарған сөздер
|
|
|
|
|
3-тапсырма
Сөйлемдерден оқшау сөздерді тауып, тыныс белгілерін қойыңыз.
- Негізінде жағдайымыз онша жақсы емес.
- Тыңда дала Жамбылды.
- Алақай келгенің жақсы болды.
- Пай-пай Нұржан-ай тіліңіз қандай ащы!
- Сапарың құтты болсын қарағым!
- Менің ойымша бұл дұрыс шешім.
4-тапсырма
Берілген жай сөйлемдермен ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді құрастырыңыз.
A. Далада жел соғып тұр. Сiркiреп жаңбыр жауып тұр.
B. Ән басылып қалды. Гитара сазы тоқталған жоқ еді.
C. Сабақ бізге ұнағаны соншалық. Уақыт өткенін білмей қалыппыз.
5-тапсырма
Салалас құрмалас сөйлем түрлерін қолданып, «Қазіргі сән туралы менің ойым» тақырыбында эссе жазыңыз. Күрделі сөз түрлері мен оқшау сөздерді дұрыс жазыңыз.
|