«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тапсырма Тыңдалым
Мәтінді тыңда. Тапсырмалардыорында.
Жаралы құс
Ажар жаралы құсты көріп, үйге алып келді. Жарасына йод жағып, байлап қойды. Құсты қорапқа салды. Алдына жем, су қойды. Бірнеше күннен кейін құс үйдің ішінде ұша бастады. Ажар құсты далаға алып шықты. Құс ұшып кетті. Ажар оған ұзақ қарап тұрды. Ол қуанды.
Мәтіннің мазмұны бойынша суреттердің ретін көрсет (1,2,3,4,5).
Сұрақтарға жауап бер. Кестеге тиісті сөздерді жаз.
Айтылым Жоспар бойынша тыңдаған мәтіннің мазмұнын айт. Тірек сөздердіпайдалан.
Тірек сөздер: жараланған құс, йод жақты, байлады, ұша бастады, жем, су, жазылды, алысқа ұшып кетті, қуанды
Жоспар: Жаралы құс
Ажардың қамқорлығы
Қуаныш
Ажар қандай қыз деп ойлайсың? Неліктен?
[4]
Балл қою кестесі
Тапсырма №
Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
2
Білім алушының ықтимал жауабы: Ажар ауладан жаралы құс көрді. Оны үйге алып келді. Жараға йод жақты, оны байлады. Содан соң құсқа тамақ берді. Құстың жарасы жазылды.
Ажар құсты далаға шығарды. Құс ұшып кетті. Ажар қуанды.
1
Мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес, жүйелі баяндайды.
1
Тірек сөздерді орынды қолданады.
1
Тілдік нормаларды сақтап сөйлейді.
Ажар-мейірімді қыз. Ол жаралы құсқа көмектесті/Ажар қанаты сынған құсқа жақсылық жасады. Ажар маған ұнайды.
1
Сұраққа сәйкес дәлелді пікір айтады.
Жалпы балл
4
Оқылым
Мәтінді оқы. Тапсырмалардыорында.
Атасы мен немересі
Саматтың атасы қартайды. Оның аяғы ауыратын болды. Көзі де дұрыс көрмейді. Самат атасына көмектеседі. Атасын далаға ертіп шығады. Қолына су құяды.
Сүлгісін әпереді. Атасының төсегін салады. Көрпесін жабады.
Атасы немересіне алғыс айтады.
Кейіпкерлер мен олардың іс-әрекетін сәйкестендір.
Далада доп ойнайды.
Далаға ертіп шығады.
Атасы
Самат Алғыс айтады.
Мәтін қай жанрда жазылған? Белгіле ().
мақал-мәтел бата әңгіме тұрмыс-салтжырлары
Мәтіннің негізгі ойына сәйкес болатын сөзді анықта.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.